Амрин Мурат Амангелдіұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы
Туған күні: 1989 жылғы 12 мамыр
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ленинградское ауылы
Білімі:
Петропавл теміржол көлігі колледжі;
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (мамандығы – «Экономика»);
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (мамандығы – «Тасымалдауды ұйымдастыру және логистика»).
Еңбек өтілі:
2010–2011 жылдары – «High Tech Logistics» ЖШС «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының сапаны бақылау бөлімінің бақылаушысы.
2011–2012 жылдары – «International Surveyors Limited» ЖШС бақылау-ревизиялық қызметінің инспекторы (маманы).
2012–2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағы» ЗТБ халықаралық тасымалдарды дамыту және рұқсат беру жүйесін реттеу бөлімінің менеджері.
2014–2016 жылдары – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының логистика және тасымалдар комитеті хатшылығының II санаттағы сарапшысы.
2016–2017 жылдары – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының логистика және тасымалдар департаментінің I санаттағы сарапшысы.
2017–2019 жылдары – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының логистика және тасымалдар департаменті директорының орынбасары.
2019 жылғы қарашадан 2023 жылға дейін – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының логистика және тасымалдар департаментінің директоры – басқарушы директор.
2023 жылғы наурыздан 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары.
2025 жылғы 2 мамырда «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды.
2025 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Исткомтранс» ЖШС мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Бас директордың орынбасары.




