2022 жылғы 8 желтоқсанда кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп облыстың 30-дан астам экспорттаушыларының, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, «KazakhExport»АҚ, мемлекеттік және аумақтық органдары өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Отырыс барысында кәсіпорындарға «QazTrade» АҚ экспорттаушыларын қолдаудың және «KazakhExport» АҚ экспорттық операцияларын сақтандырудың қолданыстағы құралдары таныстырылды.
Өңірдің экспорттаушы кәсіпорындарының көпшілігі «QazTrade» АҚ құралдарын белсенді пайдаланады.
2022 жылы өңірдің 11 компаниясы («PASTA&NOODLES» ЖШС, «ПК Павлодар Құс» ЖШС, «Агрофирма Ақжар Өндіріс» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Fashion&Beauty» ЖК, «RTF Actica» ЖШС, «Healthy Foods» ЖШС, «Turkey PVL» ЖШС, «CDR Group» ЖШС, «Айсберг-ПВ» ЖШС, «Темірмаш Павлодар зауыты» ЖШС) экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары болды.
Сондай-ақ, 2022 жылы «Fashion&Beauty» ЖШС компаниясы Alibaba платформасында «Алтын аккаунт» алды.
Экспорттық бағыттағы вагондардың жетіспеушілігі және олардың құны, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сатып алу сайтында тіркелу туралы бірқатар проблемалық мәселелер қарастырылды. Кәсіпорындарға тиісті түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, экспорттаушылар ҚР-ның ҚХР-дағы Сауда өкілдігін ашу және өсімдік өнімдерінің Еуропа нарығына шығуы бойынша ұсыныс жасады.
Павлодар облысының экспорты бойынша анықтамалық ақпарат:
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымының көлемі 4 247,5 млн. АҚШ долл. (2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке 128,0%), оның ішінде экспорт-3 352,5 млн. АҚШ долл. (133,0%), импорт – 894,9 млн. АҚШ долл.(112,3%).
Сауда балансының сальдосы оң болды және 2 457,6 млн. АҚШ долл. құрады.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындылары бойынша өңірдің негізгі сауда әріптестері бойынша өзара сауда көрсеткішінің серпіні Жапониямен (1,3 есе), Өзбекстанмен (2,2 есе), АҚШ-пен (3,1 есе), Италиямен (3,6 есе), Қытаймен (14% есе), Ресеймен (1,2 есе)ұлғайды.
Экспорттық жеткізілімдердің өсуі металлургияда 1,2 есеге (әлемдік нарықтардағы ферроқорытпаларға бағаның өсуі есебінен, демек, құндық мәндегі жеткізілімдердің 244,4 млн., заттай өлшемде жеткізілімдердің төмендеуі кезінде), химия өнеркәсібінде 1,6 есеге (глинозем экспортының 129,8 млн.), азық-түлік 2 есе (бидай мен өзге де меслин экспортының көлемін 3,2 млн., күнбағыс майы 3,0 млн., 3,8 млн., дәнді дақылдар 4,5 млн.).
ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1 319,0 млн. АҚШ долл. (2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке 120,4%), оның ішінде экспорт – 712,0 млн. (134,9%), импорт – 607,0 млн. (107,0%), оң сальдо – 104,9 млн.