-
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы аясында талдамалық, консультациялық, ақпараттық және техникалық қолдау көрсету;
-
сыртқы сауда саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
-
халықаралық сауда келіссөздері бойынша ұстанымдарды және халықаралық экономикалық келісімдер жобаларын әзірлеу кезінде консультациялық қолдау көрсету, сондай-ақ сыртқы нарықтарға қолжетімділік пен халықаралық сауда дауларын шешу мәселелерін қарастыру;
-
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай сауда режимін қалыптастыру және үшінші елдермен еркін сауда аймақтарын құру туралы келісімдер жасасу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
-
халықаралық сауда жүйесінің заманауи құрылымы мен оны реттеу қағидаттары, сауда саясаты шаралары туралы ақпарат пен білім тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің негізгі персоналының кәсіби деңгейін арттыру;
-
сауда саласында зерттеулер жүргізу;
-
сыртқы нарықтарды талдау жүргізу;
-
«Бір терезе» қағидаты шеңберінде бейшикізаттық экспортты дамыту және ілгерілету.
Қазақстан Республикасының «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес, бейшикізаттық экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты ретінде Қоғамның мынадай функциялары айқындалған:
- сыртқы нарықтарды талдау жүргізеді;
-
өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуге жәрдем көрсетеді;
-
отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттық нарықтарды іздестіру және олардың тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
-
өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
-
өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
-
өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында шетелде өкілдіктер ашады және (немесе) шетелдік өкілдерді тағайындайды;
-
уәкілетті органға өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен қызметтерінің тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
-
халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындардың бір бөлігі өтелетін өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады;
-
халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындардың бір бөлігі өтелетін өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
-
халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындардың бір бөлігі өтелетін өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын қарсы міндеттемелерді мониторингтеуді жүзеге асырады;
-
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де сервистік қолдау шараларын көрсетеді.