ITC Ready4Trade ОА аясында кәсіпкерлерге арналған оқыту модулі өткізілді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ITC Ready4Trade ОА аясында кәсіпкерлерге арналған оқыту модулі өткізілді

2021 жылғы 17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Ready4Trade Орталық Азия жобасының «Трансшекаралық электрондық сауда үшін мүмкіндіктер жасау» құрамдауышы шеңберінде «Электрондық коммерция контентін құру және оңтайландыру» тақырыбы бойынша кәсіпкерлерді оқыту модулі өткізілді. Жоба қатысушылары мазмұн құруды, өнімді дұрыс орналастыру, SEO оңтайландыру негіздерін үйренді. Тренингке сонымен қатар кейіннен базарларға орналастыру үшін тауарлардың пәндік фотосуреттері бойынша мастер-класс және жаттықтырушының жеке коуч-сессиясы кірді.

Ready4Trade Орталық Азия жобасын Еуропалық Одақ қаржыландырады және халықаралық сауда орталығы (ХСО) жүзеге асырады. Қазақстанда жобаны іске асырудағы негізгі серіктестер ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ болып табылады.

Жоба 4 жылға есептелген (2020 – 2023), ол Орталық Азияның бес елінің ішкі өңірлік және халықаралық саудасын дамытуды қолдауға және саудадағы нормативтік және рәсімдік кедергілерді жоюға, атап айтқанда: сауда формальдылықтары мен стандарттарын сақтаула кәсіпорындардың әлеуетін нығайтуға, трансшекаралық электрондық коммерцияны жақсартуға, сондай-ақ әйелдер басқаратын кәсіпорындардың халықаралық саудасына қатысу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

Ready4Trade жобасы 4құрамдауыштан тұрады:

1 – «Іріктелген ішкі өңірлік және сыртқы сауда ағындарына қатысты саудадағы кедергілерді қарау»

2 – «Трансшекаралық талаптарды сақтауда шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) әлеуетін күшейту»

3 – «Трансшекаралық электрондық сауда үшін мүмкіндіктер жасау»

4 – «Әйелдердің халықаралық саудаға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту»

Тренингке тренерлерге арналған тренингтер шеңберінде алдын ала оқудан өткен 8 ұлттық бизнес-тренер тартылған. Электрондық сауда құрамдауышы шеңберінде барлығы киім және тоқыма, тамақ өнімдері мен сусындар, сондай-ақ қолөнер өнімдерін өндіру секторларындағы 45 қазақстандық компания іріктелді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар 2022 жылдың мамырына дейін жобаны іске асырудың барлық кезеңінде кәсіпорындармен бірге кеңес береді. Бұл әрбір ШОК-тың жеке тәлімгерлігін, бизнесті дамытудың қолданыстағы тұжырымдамаларын жақсартуға көмекті және қосымша қолдау алу мен бизнес-практикалармен алмасу үшін халықаралық сараптамаға эксклюзивтік қолжетімділікті қамтиды.

Пікір қалдыру