ҚР Ішкі сауданың ағымдағы жай-күйінің мониторингі (2020 жылғы қаңтар-шілдедегі деректер бойынша) - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ҚР Ішкі сауданың ағымдағы жай-күйінің мониторингі (2020 жылғы қаңтар-шілдедегі деректер бойынша)

НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАР

  • 2020 жылғы қаңтар-шілдеде сауданың НКИ 88,1% құрады
    • Бөлшек сауданың НКИ – 88,3% (өткен жылмен салыстырғанда 17,1% төмендеді
    • Көтерме сауданың НКИ-89,7% (өткен жылмен салыстырғанда 18,6% төмендеді)
  • Тауар айналымының көлемі 17 754,3 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 8,2%-ға төмендеді)
    • Бөлшек тауар айналымы 5 608,8 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға төмендеді)
    • Көтерме сауда айналымы 11 953,2 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға төмендеді)
  • 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі тауарлардың түрлері бойынша:
    • Бөлшек сауда сегментінде азық-түлік тауарларының сауда көлемі 265,5 млрд. теңгеге немесе 14%-ға өскені байқалады, ал азық-түлік емес тауарлардың сауда көлемі 606,4 млрд. теңгеге немесе 14,9%-ға төмендеді
    • Көтерме сауда сегментінде азық-түлік тауарларының сауда көлемі 498,1 млн. теңгеге немесе 17,4%-ға төмендеді, азық-түлік емес тауарлар 485,7 млрд. теңгеге немесе 4,8%-ға төмендеді
    • 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі кәсіпорындардың мөлшері бойынша:
    • шағын кәсіпорындардың бөлшек саудадағы айналымы 3 920,2 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 8,8% – ға төмендеді), көтерме саудада 9 483,7 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеді)
    • бөлшек саудадағы орта кәсіпорындар айналымы 528,5 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 21,9% – ға өсті), көтерме саудада 1 997,2 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 11,3% – ға өсті)
    • бөлшек саудадағы ірі кәсіпорындардың айналымы 1 160,1 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 1,3% – ға өсті), көтерме саудада 472,4 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 9,6% – ға төмендеді)
  • 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қорлар:
    • Бөлшек саудадағы қорлардың көлемі 690,8 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 27,5% – ға өсті)
    • Көтерме саудадағы қорлардың көлемі 785,6 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 8,8% – ға төмендеді)
  • 2020 жылғы қаңтар-маусымда саудаға инвестициялардың НКИ 50,8%-ды құрады (өткен жылмен салыстырғанда 75,8% – ға төмендеді)
  • Инвестициялар 2020 жылғы қаңтар-маусымда 61,1 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 48% – ға төмендеді)

Сауда көлемінің төмендеуінің негізгі факторы:

  • бүкіл ел бойынша карантиндік шараларды енгізу және сауда объектілерінің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және т. б. қызметінің шектеулуі.
  • халықтың сатып алу қабілетін төмендеткен ұлттық валюта бағамының төмендеуі

2020 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ШІЛДЕДЕ САУДАНЫҢ НКИ 88,1% ҚҰРАДЫ

Қаңтар-шілдеде сауданың НКИ 88,1% құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 19,4 пайыздық тармаққа төмен немесе ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 1,3 пайыздық тармаққа төмен.

Сауда көлемінің төмендеуінің негізгі факторы:

  • бүкіл ел бойынша карантиндік шараларды енгізу және сауда объектілерінің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және т. б. қызметінің шектеулуі
  • халықтың сатып алу қабілетін төмендеткен ұлттық валюта бағамының төмендеуі

Өңірлер бойынша сауданың НКИ, %

2020 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ШІЛДЕДЕГІ САУДАНЫҢ НКИ СЕРПІНІ

2020 жылғы шілдедегі сауданың НКИ өткен жылдың тиісті айына 81,9%-ды құрады. Жыл басынан шілде айына дейін Қытайда тарала бастаған және соның салдарынан Қазақстанның сауда саласына әсер еткен коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты сауданың НКИ теріс серпіні байқалады. Сауданың НКИ барынша төмендеуі 2020 жылдың сәуірінде тіркелді. Сәуірден маусымға дейінгі кезеңде сауданың НКИ градиенттік өсуі байқалады, бірақ шілдеде аздап төмендеуі байқалады.

Өткен жылдың тиісті айына сауданың НКИ, в %

КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАНЫҢ НКИ

Бөлшек сауданың НКИ 17,1% – ға, ал көтерме сауданың НКИ 18,6%-ға азайды. 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде бөлшек сауданың НКИ барлық өңірлер бойынша теріс динамиканы көрсетті, көтерме сауданың НКИ Жамбыл облысында және Нұр-Сұлтан қаласында оң динамиканы көрсетті.

Өңірлер бойынша көтерме-бөлшек сауданың НКИ

БӨЛШЕК ЖӘНЕ КӨТЕРМЕ САУДА ТАУАР АЙНАЛЫМЫНЫҢ КӨЛЕМІ

2020 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме-бөлшек сауда көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 583,9 млрд.теңгеге немесе 8,2%-ға қысқарды. Алайда, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында, және Шымкент қалаласында тауар айналымының артуы байқалады.

ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША КӨТЕРМЕ-БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ,млрд. теңге

БӨЛШЕК ЖӘНЕ КӨТЕРМЕ САУДА ТАУАР АЙНАЛЫМЫНЫҢ КӨЛЕМІ

2020 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме-бөлшек сауда көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 583,9 млрд.теңгеге немесе 8,2% – ға қысқарды. Оның ішінде бөлшек тауар айналымы 340,9 млрд. теңгеге қысқарды, бұл 5,7% – ды құрайды, көтерме тауар айналымы 983,7 млрд.теңгеге немесе 7,6% – ға қысқарды.

Бөлшек сауда көлемінде Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында өсім байқалады. Ең көп құлдырау Алматы қаласында байқалып 243,7 млрд. теңге құрады. Көтерме сауда көлемінде өсім Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалды. Алматы қаласында 668,4 млрд. теңгеге және Атырау облысында 365,4 млрд. теңгеге айтарлықтай құлдырау байқалды.

БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ

2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда азық-түлік тауарларының сауда көлемі 265,5 млрд. теңгеге немесе 14% – ға өскені байқалады, ал азық-түлік емес тауарлардың сауда көлемі 606,4 млрд. теңгеге төмендеді, бұл 14,9%-ды құрады. Бұл бүкіл ел бойынша карантиндік шаралардың енгізілуіне және сауда объектілерінің қызметін шектеуге байланысты халықтың азық-түлік тауарларына деген сұранысының артуына байланысты, азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендердің көпшілігі жабыла бастады, бұл азық-түлік емес тауарлар саудасының едәуір төмендеуіне әсер етті. Алайда Ақтөбе, Жамбыл және Қостанай облыстарында азық-түлік емес тауарлар саудасы көлемінің өсуі байқалады.

КӨТЕРМЕ САУДА КӨЛЕМІ

Көтерме саудада азық-түлік тауарларының сауда көлемі 498,1 млрд.теңгеге немесе 17,4%-ға төмендегені байқалады, ал азық-түлік емес тауарлар саудасы 485,7 млрд. теңгеге төмендеді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,8% – ды құрады. Азық-түлік тауарлары саудасы көлемінің ең көп төмендеуі Алматы қаласында – 503,5 млрд.теңгеге байқалды. Азық-түлік емес тауарлар саудасы көлемінің ең көп өсуі Нұр-Сұлтан қаласында – 179,6 млрд. теңге құрады.

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ БОЙЫНША САУДА КӨЛЕМІНІҢ БӨЛІНУІ

Бөлшек сауда кәсіпорындары арасында тауар айналымы үлесінің басым көпшілігін алатын шағын кәсіпорындар айналымы 377,8 млрд. теңгеге немесе 8,8%-ға азайды. Өз кезегінде орта және ірі кәсіпорындардың айналымы тиісінше 21,9 және 15 млрд. теңгеге ұлғайды, бұл 4,3% және 1,3%-ды құрады.

Көтерме сауда кәсіпорындары арасында шағын кәсіпорындар айналымы 1136,1 млрд.теңгеге немесе 10,7%-ға азайды. Ірі кәсіпорындардың айналымы 50 млрд. теңгеге азайды, бұл 9,6% – ды құрады. Өз кезегінде орта кәсіпорындар айналымы 202,5 млрд.теңгеге немесе 11,3% – ға өсті.

БӨЛШЕК ЖӘНЕ КӨТЕРМЕ САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАРЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ КӨЛЕМІ

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша көтерме саудадағы тауар қорларының көлемі 75,9 млрд.теңгеге немесе өткен жылдың ұқсас күнімен салыстырғанда 8,8%-ға қысқарды, өз кезегінде бөлшек саудадағы қорлар 148,9 млрд. теңгеге немесе 27,5%-ға ұлғайды. Көтерме сауда қорларының төмендеуіне карантиндік шараларды енгізу, логистикаға қатысты проблемалар (оның ішінде Қытайдан келетін импорттың төмендеуі) және ірі сауда объектілерінің қызметін шектеу себеп болды.

САУДА САЛАСЫНА ҚҰЙЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ НҚИ

2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда саудаға инвестициялардың НКИ 75,8%-ға төмендегені байқалады. Инвестициялардың НКИ ұлғаюы Қарағанды облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Шығыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарында байқалды.

САУДА САЛАСЫНА ҚҰЙЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ

2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көтерме-бөлшек саудаға, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуге инвестициялардың 56,3 млрд.теңгеге немесе 48% – ға төмендегені байқалады. Инвестицияның өсуі Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды.