Ішкі аудит қызметі - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның органы болып табылады және Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды және Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беруді жүзеге асырады.

Қызмет тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және өзінің қызметі туралы оған есеп береді.

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • ішкі бақылау жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
  • тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
  • корпоративтік басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
  • бухгалтерлік есеп жүйесінің сенімділігін, толықтығын, объективтілігін және қаржылық есептіліктің дұрыстығын бағалау;
  • Қоғам қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бағалау;
  • Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беру.

Телефон: 8 (717) 276-86-06 (ішкі 244)


«QazTrade» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже