2023 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері халықаралық консультанттармен және ЕО өкілдерімен бірлесіп, Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Ready4Trade-Central Asia» жобасы шеңберінде кәсіпкерлерді сыртқы сауда қызметінің ережелеріне оқыту бойынша білім беру жобасын іске асырудың қорытындысын шығарды.
Семинар Еуропалық Одақ – Орталық Азия екінші экономикалық форумына орайластырылған.
Іс-шара барысында Қазақстан Үкіметі атынан қатысқан Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ-на ХСО-дан елдегі экспорттаушыларды оқыту жөніндегі бағдарламаны іске асырудың тиімділігін жоғары бағалау туралы алғыс хаты табыс етілді, ал 2022 жылғы қыркүйекте іске қосылған «QazTradeAcademy» білім беру порталы ОА-ның барлық елдері арасында үздік жұмыс ретінде атап өтілді.
Іс-шараға қатысушылар онлайн-оқытуды енгізу және жаңадан бастаушылар мен жұмыс істеп тұрған экспорттаушылар үшін офлайн-семинарлар өткізу тәжірибесімен бөлісті.
QazTradeAcademy басшысы, «QazTrade» АҚ департаментінің директоры, PhD Айнұр Әмірбекова айтып өткендей, 2022 жылдың шілдесінен бастап 2023 жылдың мамырына дейін Қазақстанның 15 қаласында шағын және орта бизнеске арналған офлайн оқыту тренингтері өткізілді, оларға 1500 қатысушы қамтылды. Бұл ретте онлайн режимінде 500-ден астам кәсіпкер оқытылды. Осы уақыт ішінде 2000-нан астам қатысушы сертификат алды, олардың 57%-ы әйелдер. Олар халықаралық сауда ережелері бойынша кәсіби білім алып, өз құзыреттерін арттырды, «QazTrade» АҚ пайдалы жобаны іске асырды, соның алаңында мемлекеттің, жоғары оқу орындарының және жеке сектордың ынтымақтастығы жүріп жатыр», – деп атап өтті Айнұр Әмірбекова.
Оның айтуынша, экспорттаушыларды оқыту Qaztrade қаржылық емес қолдаудың негізгі құралдарының біріне айналды, оған сұраныс жыл сайын артып келеді. Отандық тауар өндірушілерге экспорттық қызметтің әртүрлі нюанстары бойынша тегін курстар ұсынылады, ал оқытуды компанияның жоғары білікті сарапшылары да, жекелеген елдер нарықтарының ерекшеліктеріне маманданған шетелдік консультанттар да жүргізеді.
«Оқыту платформасында онлайн режимінде қолжетімді 7 модульдік курс, сондай-ақ 3 қиындық деңгейі бойынша 49 вебинар орналастырылған. ОА елдері үшін тағы 5 жалпы курсты және қазақстандық бизнес өкілдері үшін екі арнайы курсты әзірлеу жоспарда бар», – деп қорытындылады Айнұр Әмірбекова.
«Экспортты басқару жөніндегі оқу бағдарламасы ОА-ның жеке секторының әлеуетін ашудың және экспортты әртараптандыруды ілгерілетудің кілті болып табылады», – деп атап өтті делегация өкілі және ЕО бағдарламасының кураторы Юрий Скаскевич.
Өз кезегінде, ХТО-ның сауда процедураларын жеңілдету жөніндегі аға кеңесшісі Пьер Бонтонно аймақтық оқу бағдарламасы жеке сектордың қажеттіліктеріне уақтылы жауап болып табылады деп санайды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар онлайн және офлайн семинарлар өткізу үшін оқыту курстары кураторларының салалық ұйымдармен және қауымдастықтармен, қазақстандық жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ өңірлік әкімдіктермен неғұрлым белсенді ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ready4trade – Central Asia» жобасы — бұл ЕО қаржыландыратын және ХСО ұлттық серіктестермен тығыз ынтымақтастықта іске асыратын 4 жылдық жоба. Жобаның мақсаты ОА-да аймақішілік және халықаралық сауданы дамыту арқылы ОА елдерінің жалпы орнықты және инклюзивті экономикалық дамуына үлес қосу болып табылады. Орталық Азиядағы Ready4Trade жобасының бенефициарлары үкіметтер, шағын және орта кәсіпорындар, атап айтқанда әйелдер басқаратын бизнесті қолдау кәсіпорындары болып табылады.
The Central Asia Gateway https://infotradecentralasia.org
The KAZ TF Portal https://tradeinfo.kz
The QazTrade Academy https://www.qaztradeacademy.kz