Халықаралық сауда орталығы (ITC) және «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ сіздерді тегін оқуға қатысуға шақырады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Халықаралық сауда орталығы (ITC) және «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ сіздерді тегін оқуға қатысуға шақырады

Халықаралық сауда орталығы (ITC) «QazTrade» ССДО» АҚ-мен бірлесіп Орталық Азия (ОА) елдерінің өңірлік және халықаралық саудасын ілгерілетуге бағытталған жобаны іске асырады. ITC онлайн сатуды бастағысы келетін немесе онлайнда бар және сатуды арттыруды көздейтін компанияларды жобаға қатысуға шақырады.

Жоба тегін негізде жүргізіледі және қатысушы компанияларды ұлттық, өңірлік немесе халықаралық сауда алаңдарына шығу бойынша оқыту мен консультациялық қолдауды көздейді.

Негізгі талаптар: компаниялар Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген тауар өндірушілер болуы тиіс. Тамақ және тоқыма өнеркәсібі секторларының өндіруші кәсіпорындары жобаға қатысу үшін басым компаниялар болып табылады.

Мына сілтеме арқылы толық ақпарат алуға және жобаға қатысуға өтінім беруге болады: https://ecommerce4kz.questionpro.com.

Өтінімдер 18 қыркүйекке дейін қабылданады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, «Ready4Trade CA» жобасының Қазақстан Республикасындағы ұлттық менеджері Джалил Булатовқа jalil.bulatov@intracen.org электрондыіқ поштасы немесе ұялы +7 701 960 60 99 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Пікір қалдыру