Фермерлерге күрделі жағдайда көмек көрсетілуде - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Фермерлерге күрделі жағдайда көмек көрсетілуде

Үкіметтің тапсырмасын орындау үшін және фермерлерге ішкі және сыртқы нарықтарда өнім сатуға көмектесу  мақсатында QazTrade, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР СИМ Сауда комитеті, ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті, Жамбыл облысының әкімдігі өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының күн тәртібінде қалған көкөніс өнімдерін сатуда пияз өсірушілерге көмек көрсету, сондай-ақ фитосанитариялық сертификаттар мен басқа да рұқсат құжаттарын жедел беру мәселесі тұр.

2024 жылғы 20 наурыздан бастап қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері экспортқа шамамен 23 мың тонна пияз жіберді. Тағы 5 мың тонна рұқсат алу құжаттамасын алу сатысында және жөнелтуге дайындалуда. Қазақстандық көкөніске Өзбекстан мен Тәжікстаннан сатып алушылар қызығушылық танытуда. Қазір тараптар қазақстандық кәсіпорындармен пияз бағасы туралы келіссөздер жүргізуде, ол жеткізуді ескере отырып, әлеуетті мәміленің барлық қатысушыларын қанағаттандырады.

Сондай-ақ, экспорттаушылар Грузияға және Италияға пияз жеткізу туралы келісімдер пысықтауда, бұл ретте олар тауарды әкету кезінде құжаттарды ресімдеудегі қиындықтарды атап өтеді. Осыған байланысты, ҚР КМ Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті қазақстандық тасымалдаушыларға пияз партияларын шетелге жөнелту үшін «рұқсат беру» (тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің экологиялық сыныбын растау) мәселесін шешуге көмектеседі.

Көкөністі тасымалдауға кететін уақыт шығынын азайту мақсатында АШМ Мемлекеттік инспекция комитеті шекарада карантинге жатқызылған өнімді жедел тексеру бойынша тәулік бойы бекеттер ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

2 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысында сатылмаған пияз көлемі 114,7 мың тонна, Алматы облысында – 16,5 мың тонна құрайды.

Пікір қалдыру