Экспорттық кеңестің отырысы Павлодар облысында өтті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Экспорттық кеңестің отырысы Павлодар облысында өтті

Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп 2023 жылғы 13 сәуірде Өңірлік экспорттық кеңестің кезекті отырысын өткізді. Іс-шараға облыстың 70-тен астам экспорттаушылары, мемлекеттік және аумақтық органдардың, «KazakhExport» және «KazakhInvest» компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыста кәсіпкерлерге «QazTrade» экспорттаушыларды қолдаудың және «KazakhExport» экспорттық операцияларды сақтандырудың қолданыстағы құралдары, сондай-ақ «KazakhInvest» қолдау шаралары туралы айтылды.

Бизнес өкілдері өз қызметі барысында кездесетін проблемалық мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ҚХР-ға ет экспортына рұқсаттың болмауы, кәсіпкерлерді ҚХР жеткізушілер тізіліміне енгізу үшін ұзақ қарау рәсімдері, күнбағыс майын тасымалдауға арналған цистерналар мен контейнерлердің тапшылығы.

Отырыс соңында қатысушылар арасында В2В кездесулер өткізілді. Іскерлік іс-шара ірі жүйе құраушы кәсіпорындардың да, шағын және орта бизнес субъектілерінің де қызығушылығын тудырды.

 

Пікір қалдыру