Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлағандай, экспортты өсіру перспективасының талдауы әлеуетті тек қана 16 басым тауар позициялары бойынша – 13,5 млрд.АҚШ-доллар, қызметтер бойынша – 4,4 млрд.АҚШ-доллар екенін көрсетті.
Басым экспорт позицияларының қатарына ет мал шаруашылығы және басқа АӨК азық-түліктері, пестицидтер мен тыңайтқыштар, металдар, мұнай-химия, машина жасау, көлік хабы, АТ қызметі, туризм кірген.