Экспорттаушылардың шығындарын өтеу туралы ақпарат - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Экспорттаушылардың шығындарын өтеу туралы ақпарат

Отандық өңделген тауарларды/көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі уәкілетті орган 2021 жылдан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысындағы компания «QazTrade» АҚ-ы болып табылады.

2022 жылы өткізілген 10 ВАК қорытындысы бойынша 162 компаниядан жалпы сомасы 4 148,86 млн. теңгеге 264 өтінім мақұлданды, оның ішінде:

– тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша – 3 952,24 млн млн. теңге сомасына 238 өтінім;

– тауарларды ілгерілету бойынша – 196,62 млн. теңге сомасына 26 өтінім.

Мемлекеттік қолдаудың осы түрінің орнына экспорттаушылар өздеріне қарсы міндеттемелерді қабылдайды, олар өтем алуға арналған келісімдерде тіркеледі.

Мәселен, экспорт кезінде шығындарының бір бөлігі өтелген 162 компания 2023 жылға қарай мынадай көрсеткіштерді арттыруды жоспарлап отыр:

– экспорт көлемін 170 167,5 млн теңгеге; (492 268 млн. теңгеден 662 435 млн. теңгеге дейін ұлғайып, ұлғайту 34,6%)

– бюджетке салық аударымдарын 10 249,18 млн теңгеге; (96 078 млн. теңгеден 106 327 млн. теңгеге дейін, ұлғайту 10,7%)

– жұмыс орындарының санын 1 885 адамға. (31 589 адамнан 33 474 адамға дейін, ұлғайту 6%)

2021 жылы 24 ВАК қорытындысы бойынша 162 компанияның жалпы сомасы 6 025,97 млн теңгеге 306 өтінімі мақұлданды, оның ішінде:

Өтем алған компаниялар мынадай көрсеткіштерді арттыру бойынша өздеріне қарсы міндеттемелер алды:

– экспорт көлемін 134 874,37 млн. теңгеге;

– бюджетке салық аударымдарын 10 306,49 млн. теңге;

– жұмыс орындарының санын 2 948 адамға

Пікір қалдыру