Эфиопиялық бизнес Қазақстанда кофе өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құруға мүдделі - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Эфиопиялық бизнес Қазақстанда кофе өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құруға мүдделі

Қазақстанға кофе өндірумен және өңдеумен айналысатын эфиопиялық компаниялардың өкілдері келді. Эфиопиядан келген іскерлік делегацияны қазақстандық бизнеспен кездесулерде QazTrade сарапшылары сүйемелдеді.

Шетелдік әріптестер сауда және инвестициялық қатынастарды дамытуға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерімен және Қазақстан бизнесінің өкілдерімен кездесті. Тараптар Орталық Азияға экспорттау әлеуеті бар қазақстандық брендпен эфиопиялық кофені қуыру және буып-түю бағытына инвестициялар тартуды талқылады.

«QazTrade» АҚ-ның сарапшылары Орталық Азия елдеріне кофенің экспорттық әлеуеті бойынша талдау жүргізді, бұл жобаны іске асыру үшін ең қолайлы өңір Жамбыл облысы болды.

Жамбыл облысындағы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өңірлік директоры Арнольд Герингпен кездесуде эфиопиялық бизнес өкілдері Қазақстанда кофе өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндіктерін талқылады. Серіктестер инвестиция салуға дайын және әлеуетті серіктестер мен сатып алушыларды іздеуде екенін хабарлады. Сондай-ақ, эфиопиялық компаниялар Қазақстанда кофе орау және оны жақын маңдағы елдерге одан әрі экспорттау жөніндегі компанияның ашылуына қызығушылық танытты.

Пікір қалдыру