Қазақстандық делегация 12-ші Министрлік конференциясы (МК12) шеңберінде 12 маусымда өткен «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін сауданы ашу және тұрақты даму» атты ДСҰ мен Халықаралық сауда орталығының (ITC) бірлескен іс-шарасына қатысты.
Бас директор Нгози Оконджо-Ивеала өз сөзінде ДСҰ мүшелері көптеген дағдарыстардан туындаған проблемалар жағдайында әйелдерге барынша пайда беруі үшін жұмысты жандандыруы кажет деді.
Өз кезегінде ITC атқарушы директоры Памела Кок-Гамильтон бұрын-соңды болмаған проблемалар жағдайында кәсіпкер әйелдердің қиын жағдайын атап өтті: «Біз жаһандық 3 «К» — яғни климат, ковид және қақтығысты естиміз – олар біздің барлық жоспарларымызды бұзды. Бұл сәтсіздіктер барлық жерде: жеткізілім тізбегі, жедел инфляция және бизнесті жүргізудің жоғары тәуекелдері».
Қазақстан ДСҰ органдарының тұрақты жұмысына гендерлік аспектілерді енгізу, бағдарламалар мен стратегияларға гендерлік мәселелерді енгізу, деректер жинауды кеңейту және зерттеулерді үйлестіру арқылы кәсіпкер әйелдерге саудада көмек көрсету мақсатында 2020 жылы құрылған сауда және гендерлік мәселелер жөніндегі бейресми жұмыс тобының жұмыс барысын қадағалап отырады және бақылайды.
Қазақстанда гендерлік теңсіздікке қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан прогрессивті шараларға қарамастан, теңсіздік проблемасы әлі де өзекті болып отыр және одан әрі тиімді жұмысты талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан ДСҰ-ның әйелдердің әртүрлі ұлттық және жаһандық жағдайларға бейімделуі үшін жеткілікті икемділікті қамтамасыз ететін барлық бастамаларының жақтаушысы болып табылады.