Директорлар кеңесі - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Директорлар кеңесі


Директорлар кеңесі
Арман Абайұлы Шаккалиев  «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған. 2001-2002 жылдары – ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы. 2004-2006 жылдары – «Қазақстан метрология институты» РМК директоры. 2006-2007 жылдары – Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2007-2008 жылдары Қаржы, Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, «ҚазАгро» холдингі құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2008-2016 жылдары — «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры. 2016-2018 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы. 2019-2020 жылдары ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) болды. 2022-2023 жылдары – ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі. 2023 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, қазан айынан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Жеңіс Әлібекұлы Өсербай

Директорлар кеңесінің мүшесі, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Экономика саласында PhD докторлық дәрежесі бар, жобалау менеджері, жеткізу тізбегін басқару маманы. Трансұлттық компаниялармен (ТҰК), халықаралық банктермен және қаржы ұйымдарымен, сондай-ақ ірі ЕРС-мердігерлермен жұмыс істеу және өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі мол.

 

                                  Мансап

Еңбек жолын 2000 жылы қаржы секторында бастаған. Әр жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымдарында басқарушылық позицияларда жұмыс істеді.

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды, АӨК-ке инвестициялар тарту, АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, халықаралық интеграция, агроазық-түлік нарықтарын реттеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ «Азық-түлік келілісімшарт корпорациясы» АҚ-ның Директорлар кеңесін басқарды.

2023 жылдың қазан айынан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып сайланды.

2023 жылғы 13 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры болып тағайындалды.

Кәрібжанов Хайрат Сәлімұлы 1956 жылы 2 қаңтарда Омбы облысының Шарбақұл ауданында (Ресей) дүниеге келген.

Омбы ауыл шаруашылығы институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша (1978ж.), Алматы саясаттану және басқару институтын «Саясаттану» мамандығы бойынша (1991ж.) бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2001ж.).

Еңбек жолын 1978 жылы өндірісте бастады.

1984-1986 жылдары Алматы облысы Іле ауданындағы Бурундай автокөлік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.

1987-1989 жылдары Алматы облысы Талғар аудандық партия комитетінің өнеркәсіптік-көлік және ұйымдастыру бөлімдерін басқарды.

1991-2000 жылдар аралығында Көлік және коммуникациялар министрлігінде бөлім бастығынан бірінші вице-министрге дейінгі жолдан өтті. ҚР Көлік инспекциясын басқарды. «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

2000-2006 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, президенті.

Жеке меншік компанияларды басқарды.

2006-2009 жылдары – «Казинформтелеком» АҚ, 2011-2014 жылдары- «Агроорталық-Астана» холдингі.

2009-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылы Техникалық хатшылықтың басшысы – Бас директордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, ал 2016 жылдың мамыр айында «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директоры болып сайланды.

2020 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін Еуразиялық экономикалық комиссиясының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі (Мәскеу қаласы) лауазымында жұмыс істеді.

Корпоративтік басқару тәжірибесі, техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша оқытудан өтті және шетелдік сертификаттары бар.

2023 жылғы 3 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.

 

 

Нұрмахан Әбілқасымұлы Әділбеков 1973 жылы 19 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

1995 жылдан бастап 2010 жылдарға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әр түрлі лауазымда қызмет еткен.

2014 жылдан бастап 2020 жылдарға дейін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған.

2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс жасаған.

2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

2001 ж.-«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2016 ж.-«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2020 ж.-«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2021 ж.-«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

2021 ж.-«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылғанына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2023 ж.-Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды

Жалпы ақпарат, білімі

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша бітірген. Берн қаласындағы университеттің Дүниежүзілік сауда институтының «халықаралық құқық және экономика» магистрі.

Әр жылдары ҚР Ұлттық Банкінде, экономика және сауда министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде және ҚР Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді. Азия Даму Банкінің Орталық Азия өңірлік ынтымақтастық бағдарламасының үйлестірушісі болды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Мансап

1997 жылдан 2001 жылға дейін – жеке құрылымдарда жұмыс істеді;

2001 жылғы шілдеден 2009 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюта-қаржы департаменті жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды;

2011 жылдан 2012 жылғы қарашаға дейін – Азия Даму Банкінің Орталық Азия өңірлік ынтымақтастығы бағдарламасының үйлестірушісі;

2012 жылғы қарашадан 2012 жылғы желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің;

2012 жылғы желтоқсаннан 2013 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі хатшылығының кеңесшісі;

2013 жылғы наурыздан 2013 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары;

2013 жылғы сәуірден 2014 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

2014 жылғы қазаннан бастап 2019 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

2019 жылғы маусымнан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі.

2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі.

 

Темірлан Амантайұлы Жақыпбеков

1989 жылы 15 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Е. А. Бөкетов атыдағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша,  Е,»Болашақ» академиясын, Мәскеу Политехникалық зерттеулер мектебін бітірген..

Еңбек жолын 2007 жылы «China Geo-Engineering Corparation» ЖШС заңгер-кеңесшісі ретінде бастаған.

2012-2014 жылдары «New gorizont Capital China» ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015-2021 жылдары – «ҚазАлко» ЗТБ, Алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Bastama» бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институтының президенті.

2023 жылғы 13 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.