Жалпы ақпарат, білімі
2014 жылы Ланкастер университетін (ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық басқару бойынша ғылым магистрі» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы «Тұран» университетін «Менеджмент бакалавры»мамандығы бойынша тәмамдаған.
Атқарған қызметтері (мансабы)
Кәсіби қызметін 2004 жылы «Евразия ВИК» ЖШС бастады
2009 жылдан 2011 жылға дейін «InterAsia LLP» атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2013 жылдан 2016 жылға дейін Өңдеу өнеркәсібі комитеті хатшылығының сарапшысы, Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және «Жасыл экономика» комитеті хатшылығының директоры, ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016 жылдан 2020 жылға дейін «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі.
2020 жылғы қаңтардан 2020 жылғы желтоқсанға дейін ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі – аппарат басшысы.
2021 жылғы 08 ақпаннан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 07 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының Бас директоры болып тағайындалды.