Бангкок қ. (Таиланд Корольдігі) сауда-экономикалық миссиясы
📅 2026 жылғы 24–26 мамыр
📍 Бангкок / IMPACT Muang Thong Thani
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, QazTrade
Аталған кезеңде шетелдік серіктестермен тікелей байланыс орнату, B2B кездесулер өткізу және Қазақстан өнімдерін Таиланд Корольдігі нарығына ілгерілету мақсатында сауда-экономикалық миссия өткізу жоспарлануда.
Көрсетілген мерзімде THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесі өтеді — бұл Азиядағы ең ірі азық-түлік көрмелерінің бірі, ол өндірушілерді, дистрибьюторларды, импорттаушыларды және HoReCa секторының өкілдерін біріктіреді.
Қатысу әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізуге, өңірлік нарықтың талаптарын зерделеуге және Қазақстан өнімдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі экспорттық әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.
QazTrade қамтамасыз етеді:
✔️ тұру (1 өкіл)
✔️ трансфер
✔️ аудармашылар қызметі
✈️ Ұшу және тәуліктік шығындар — қатысушылар есебінен
📌 Тіркелу: https://forms.gle/pgW5jUVKcM4tULGf8
📞 Байланыс:
Гаухар Акбердиева
+7 775 230 84 13
g.akberdiyeva@qaztrade.org.kz



