Астанада Орталық Азияның Ready4Trade жобасы аясында білім беру бағдарламасын іске қосу бойынша ресми іс-шара өтті.
Ready4Trade Central Asia (R4TCA) жобасы Орталық Азияның бес елінде өңірішілік және халықаралық сауданы дамытуды қолдауға бағытталған. Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады, халықаралық сауда орталығы (ХСО) ұлттық әріптестермен тығыз ынтымақтастықта іске асырады. Қазақстанда экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шараларының операторы – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы ХСО институционалдық серіктесі болып табылады.
QazTrade мамандарының қатысуымен Халықаралық сауда орталығының сарапшылары әзірлеген Қазақстандық кәсіпкерлерге арналған оқу бағдарламасы ең алдымен шағын және орта бизнес өкілдеріне бағытталған. Тегін оқыту халықаралық сауданың түрлі салаларындағы дағдыларды: экспорттық рәсімдердің, транзиттік бағыттардың ерекшеліктерін, сапа мен сәйкестік стандарттарын, сондай-ақ Еуропалық Одақ нарығының нақты талаптарын арттыруға мүмкіндік береді.
Семинарлар нұсқаушылардың басшылығымен офлайн режимінде де, арнайы ұлттық www.qaztradeacademy.kz.платформасында да өткізіледі
– Халықаралық сауда мәселелерінде сауаттылықты арттыруға мүдделі кез келген кәсіпкер оқудан өте алады. Ол үшін тек www.qaztradeacademy.kz порталында тіркелу қажет. Оқудан өткеннен кейін ол сертификат ала алады. Сонымен қатар, осы платформада экспорттаушылар үшін «QazTrade» сарапшылары өткізетін басқа да оқыту семинарларын көруге болады, – деп хабарлады QazTrade халықаралық интеграция департаментінің директоры Айнур Амирбекова.
QazTrade Бас директорының орынбасары Нурлан Кулбатыров атап өткендей, оқыту бағдарламасы жаңа бастаған экспорттаушыларға да, жұмыс істеп жатқан экспорттаушыларға да арналған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда белсенді шикізаттық емес экспорттаушы 546 компания бар. Бұл ретте олардың 80%-ы «шағын және орта бизнес» санатына жатады
– Біз оларға теориялық және практикалық дағдыларды, платформаны қалай пайдалану туралы цифрлық дағдыларды, сертификаттауды алу және көрші елдердің нарықтарына шығу бойынша қадамдық нұсқаулықтарды береміз, – деп түсіндірді Кулбатыров.
Халықаралық сауда орталығының менеджері Шон Лейк бұл курстар қатысушыларға экспортқа жақсы дайындалуға көмектеседі деп санайды.
– Біздің әдістеме тексерілді, сыналды және нұсқаушылар мен қатысушылардан көптеген оң пікірлер алды. Білім беру бағдарламасы қазақстандық бизнеске практикалық білім мен нақты кейстер алу есебінен өңірлік және халықаралық деңгейге өз өнімдерін экспорттауға жақсы дайындалуға көмектеседі деп күтілуде, – деп атап өтті ол.
Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаментінің директоры Омирбек Баштай қаңтар-шілде айларында Қазақстаннан шикізат емес тауарлардың экспорты 37,5 млрд АҚШ долларын құрағанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 21%-ға жоғары екенін хабарлады.
– Осындай өсіммен біз көрсеткішті 4%-ға асыра орындауды жоспарлап отырмыз. Біз жақсы қарқынмен жүрудеміз және алға қойылған міндеттерге қол жеткізуіміз керек. Жақын орналасқан нарықтардан біз алыс шетел нарықтарына кетіп жатырмыз, ол үшін бізде барлық қолдау шаралары бар, – деп атап өтті Омирбек.