Ақмола облысында экспорттық кеңестің отырысы өтті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Ақмола облысында экспорттық кеңестің отырысы өтті

 

2023 жылы Ақмола облысының экспорттық кеңесінің бірінші отырысы 7 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға өңірдің бизнес-қоғамдастығының, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, «QazTrade» АҚ, Ақмола облысы бойынша Атамекен ӨКП және аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында облыстың 2022 жылға арналған сыртқы экономикалық қызметінің қорытындысы шығарылды. Мәселен, облыстың тауар айналымы 1 487 миллион АҚШ долларын (+14%) құрап, экспорт 4 пайызға өсіп, 629 миллион АҚШ долларын құрады. Өңделген өнімдерінің экспорты да оң динамика көрсетіп, 218,8 млн АҚШ долларын (+19,4%) құрады. Негізгі экспорттық тауарлар мойынтіректер, бидай ұны, алкоголь өнімдері, сирек жер металдарының қосылыстары және т.б. болды.

Бұдан басқа, өңірдің бизнес-қоғамдастығының өкілдері шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдау шараларымен: Экспорттық акселарация, электрондық сауда алаңдарына шығару, сервистік қолдау шаралары және логистика мен өнімді жылжыту шығындарын өтеу танысты.

Аймақтың кейбір кәсіпорындары мемлекеттік қолдау құралдарын белсенді қолданады. Мәселен, 2022 жылы облыстағы 7 кәсіпорын – «Астана Агропродукт» ЖШС, «QazBiscuit» ЖШС, «Айдабол-Көкше» ЖШС, «Макинск Жылу оқшаулау зауыты» ЖШС, «Курочка Ряба» ЖШС, «МВ4» ЖШС және «Агрофирма TNK» ЖШС Экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушы болды. Тағы 4 компания – «Макинск Жылу оқшаулау зауыты» ЖШС, «Астана Агропродукт» ЖШС, «АЗИЯФИЛЬТР» ЖШС және Шатхабар ЖК Alibaba электронды сауда алаңында «алтын» жеткізуші мәртебесін алды. сауда-экономикалық миссияларға белсене қатысты; Сондай-ақ, 9 кәсіпорын шамамен 277 миллион теңгеден астам экспорттық шығындарының бір бөлігін өтей алды.

Іс-шара барысында ұсыныстар мен проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары айтылды.

 

 

 

Пікір қалдыру