Құрметті кәсіпкерлер!
2020 жылғы 7-8 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп өз тауарларын Alibaba.com интернет-платформасында ұсынғысы келетін қазақстандық компаниялар үшін оқыту вебинарларының циклін өткізетін болады.
Alibaba.com -ұйымдарға арналған сауда алаңы (B2B), оның қызметтеріне 190 елдегі сатып алушылар жүгінеді.
Вебинар бағдарламасы Alibaba.com-да дүкенді қосу алгоритмін, B2B және B2C платформаларында жылжыту құралдарын, маркетинг, логистика мәселелерін шешуді және тағы басқаларды қамтиды.
Алдын ала іріктеуден өткен кәсіпкерлер Alibaba.com сауда алаңында ҚР СИМ сервистік қолдауына үміткер бола алады және «Алтын жеткізуші» (Gold Supplier) мәртебесін алады.
ӘЛЕМДІК ЭКСПОРТТЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛУ ЖӘНЕ КӘСІБИ МАМАНДАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БАЙЫТУ МҮМКІНДІГІН ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ!
Вебинарға тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз: