Alibaba.com платформасының мүмкіндіктері туралы қазақстандық экспорттаушылар айтып берді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Alibaba.com платформасының мүмкіндіктері туралы қазақстандық экспорттаушылар айтып берді

 

QazTrade вебинарында кәсіпкерлер экспортты қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу туралы айтып, халықаралық Alibaba.com онлайн-сауда алаңында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-тренинг тыңдаушыларын құттықтай отырып, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қазақстандық компанияларды әлемге әйгілі маркетплейске шығару жөніндегі бағдарламаның оң нәтижелерін атап өтті.

«Бүгінде Alibaba.com сауда алаңында 7,5 мыңнан астам қазақстандық тауар орналастырылған. Отандық компаниялардың жиынтық сату көлемі 2020 жылдан 2022 жылға дейін шамамен 260 млн долларды құрады. Онлайн-платформаға қатысушы кәсіпорындар ай сайын тауарларға 500-ге жуық сұраныс алады. Мемлекеттік қолдау құралы жаңа нарықтарды ашу, отандық өнімдердің танымалдылығын арттыру және шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту тұрғысынан өзінің тиімділігін көрсетті»,-деді вице-министр.

Қазақстандық компанияларды халықаралық маркетплейске шығару жөніндегі бағдарламаның операторы QazTrade ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп жұмыс жасайды.

Биылғы жылы 70 шағын және орта бизнес өз өнімдерін сауда платформасында ұсына алады және бір жылдық мерзімге Gold Supplier (Алтын жеткізуші) мәртебесін тегін ала алады.

Beef EXPORT GROUP ЖШС өкілі Роман Брусенцовтың айтуынша, халықаралық маркетплейс әлемнің әртүрлі нүктелерінен қатысушылар құруға мүмкіндік береді.

«Каталогты орналастыру барысында біз Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан, ЕО елдерінен, Африкадан, Австралиядан 1 мыңға жуық сұраныс алдық. Біздің министрліктер арасында келісімдер болмағандықтан, біз қазіргі уақытта өнімді әр елге жеткізе алмайтынымыз анық. Бірақ менің ойымша, мұның бәрі перспективада. Тек Қытайдан, ол әзірге етпен жабылған, біз шекараны ашқан кезде бізбен жұмыс істеуге дайын 100-ге жуық байланыс алдық. Өзбекстаннан келген кәсіпкерлермен танысып, олармен екі үлкен келісімшарт жасастық. Осы келісімшарттар шеңберінде Ташкентке өнім жеткізуді пысықтаймыз», – деп қазақстандық компанияларды Alibaba.com-ға шығару жөніндегі бағдарламаға қатысу тәжірибесімен бөлісті Роман Бруснецов.

Отандық кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 1,5 мың бас ірі қара малдан асады. 2022 жылы BEEF EXPORT GROUP бірден екі мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы болды – экспорттық акселерация және Alibaba.com-ға шығару бойынша.

Сауда платформасы арқылы серіктестерді іздеудің ерекшеліктері туралы вебинар спикері, «Tek Tau» ЖШС өкілі Виктория Сидельникова айтып берді. Компания бал және ара шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады, 2022 жылы экспортты мемлекеттік қолдау бағдарламасының қатысушысы болды.

«Бір жыл бұрын біз платформаға тіркеліп, «Алтын аккаунт» алдық. Бізге 500-ге жуық өтінім келіп түсті, жауап беруге уақыт болмады. Негізінен сұраныстар Қытайдан болды, Африка елдерінен ұсыныстар келді. Нәтижесінде бір негізгі келісімшарт жасалды. Қазір біз Қытайдан бізді тапқан тағы бір сатып алушымен бал жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз, ол бізді  Alibaba.com арқылы тапқан және біздің өндіріске ескертусіз келді. Маркетплейсте жұмыс істеу барысында көптеген спамдар келеді, тек өзіңізге сәйкес келетін келісімшарттарды мұқият таңдау керек», – деді Виктория Сидельникова.

«QazTrade» АҚ-ы Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева атап өткендей, Alibaba.com жұмысындағы табысының кепілі белсенділік болып табылады.

«Онлайн сауда алаңы кез келген әлеуметтік желі сияқты жұмыс істейді. Егер сіз белсенді болсаңыз, сұраныстарға үнемі жауап берсеңіз, онда табысқа кепілдік беріледі», – деп қорытындылады вебинар модераторы және ол қазақстандық бал 2020 жылдан бастап маркетплейстің халықаралық серіктестері сұраныстарының басында тұрғанын айтты.

Қазір бағдарламаға қатысу үшін компанияларды іріктеу жүріп жатыр. Кәсіпкерлерге сыйақы-аккаунттарын төлеуден басқа тексеру рәсімінен өтуге және сауда алаңында шағын сайттар құруға жәрдемдеседі, консультациялық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, сарапшылар бизнес өкілдеріне Alibaba.co-ның жұмысы және тауарларды жылжыту туралы онлайн-тренингтер өткізеді.

Бүгінгі таңда халықаралық B2B сауда алаңында бизнестің барлық сегменттері ұсынылған. «PDO Group» ЖШС-ның Бас директоры Борис Нейманның айтуынша, «азық-түлік, сусындар» және «ауыл шаруашылығы» санатындағы өнімдер сұранысқа ие тауарлар арасында жетекші орын алады.

«Бұл бүкіл әлемдегі тұтыну тенденцияларының өзгергенін анық көрсетеді. Пандемияға дейін киім мен электроника бірінші орында болды», – деді ол.

Ең танымал 10 өнімге сұлулық пен денсаулыққа арналған өнімдер, киім, электроника және т.б. кіреді.

Мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы толығырақ вебинар жазбасын мына сілтеме арқылы білуге болады: https://www.youtube.com/watch?v=uW1WIr1uI74

Пікір қалдыру