Кәрібжанов Хайрат Сәлімұлы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Кәрібжанов Хайрат Сәлімұлы

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Кәрібжанов Хайрат Сәлімұлы 1956 жылы 2 қаңтарда Омбы облысының Шарбақұл ауданында (Ресей) дүниеге келген.

Омбы ауыл шаруашылығы институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша (1978ж.), Алматы саясаттану және басқару институтын «Саясаттану» мамандығы бойынша (1991ж.) бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2001ж.).

Еңбек жолын 1978 жылы өндірісте бастады.

1984-1986 жылдары Алматы облысы Іле ауданындағы Бурундай автокөлік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.

1987-1989 жылдары Алматы облысы Талғар аудандық партия комитетінің өнеркәсіптік-көлік және ұйымдастыру бөлімдерін басқарды.

1991-2000 жылдар аралығында Көлік және коммуникациялар министрлігінде бөлім бастығынан бірінші вице-министрге дейінгі жолдан өтті. ҚР Көлік инспекциясын басқарды. «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

2000-2006 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, президенті.

Жеке меншік компанияларды басқарды.

2006-2009 жылдары – «Казинформтелеком» АҚ, 2011-2014 жылдары- «Агроорталық-Астана» холдингі.

2009-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылы Техникалық хатшылықтың басшысы – Бас директордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, ал 2016 жылдың мамыр айында «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директоры болып сайланды.

2020 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін Еуразиялық экономикалық комиссиясының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі (Мәскеу қаласы) лауазымында жұмыс істеді.

Корпоративтік басқару тәжірибесі, техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша оқытудан өтті және шетелдік сертификаттары бар.

2023 жылғы 3 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.