Ұлытау облысының кәсіпкерлеріне экспортты мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Ұлытау облысының кәсіпкерлеріне экспортты мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Ұлытау облысында «KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясы» АҚ ұйымдастырған «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері, сондай-ақ инвестицияларды тарту және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті қолдау» тақырыбында семинар өтті.

«QazTrade» АҚ-ның Жобаларды дамыту департаменті директорының орынбасары Нұрсұлтан Сейтхалиев өңір кәсіпкерлеріне шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің отандық экспорттаушыларын мемлекеттік қолдау шараларын егжей-тегжейлі таныстырды.

Атап айтқанда, экспорттаушыларға көлік шығындары мен өнімді ілгерілетуге, экспорттық акселерация бағдарламаларына және электрондық сауда алаңдарына шығуға шығындардың бір бөлігін өтеуді ұсыну тетігі, сондай-ақ көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларына қатысу жөнінде түсініктемелер берілді.

 

Пікір қалдыру