QazTrade «Алматы апортын» ілгерілету жөніндегі жұмысқа қатысады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade «Алматы апортын» ілгерілету жөніндегі жұмысқа қатысады

QazTrade қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының шақыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілету жөніндегі Орталық Азия жұмыс тобының 7-ші өңірлік кездесуіне қатысты.
Жұмыс тобының қызметі төрт елді – Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанды қамтиды. Соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік органдардың, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың сарапшылары Орталық Азиядағы географиялық көрсеткіштерді іріктеу бойынша алдын ала жұмыстар жүргізді.
Qaztrade-нің зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі бас сарапшысы Марина Сиротина түсіндіргендей, географиялық көрсеткіштің өз тарихының болуы, осы аймақта бірнеше жылдарға қалуы, өндірістің белгілі бір талаптарына жауап беруі тиіс.
Қазақстанда өндірілетін өнімді кең талдау негізінде біздің өңірге географиялық байланыс бар Алматы апорты таңдалды.
«Мамандардың ортақ күш-жігерінің арқасында таяу уақытта Іле Алатауы жотасының солтүстігіндегі тау бөктерінен теңіз деңгейінен 900-ден 1700 метрге дейінгі биіктікте шығатын алма сортына арналған «Алматы апорт» географиялық көрсеткіші тіркеледі деп күтілуде. Мұндай тіркеу басқа аймақтарда өсірілген алма үшін атауды теріс пайдаланудың алдын алады», – деді Марина Сиротина.
Географиялық көрсеткіштің болуы өнімнің беделі мен сапасының жоғары екенін көрсетеді, бұл қазақстандық өнімнің тек ел ауқымында ғана емес, одан тыс жерлерде де танылуын арттыруға көмектеседі.
Айта кетейік, Qaztrade географиялық нұсқаулар бойынша Қазақстанның Ұлттық техникалық тобының мүшесі және төрағалық етушісі болып табылады.

Пікір қалдыру