QazTrade серіктестерімен Парсы шығанағы елдеріндегі экспорттаушылардың мүдделерін ілгерілететін болады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade серіктестерімен Парсы шығанағы елдеріндегі экспорттаушылардың мүдделерін ілгерілететін болады

 

Ынтымақтастық туралы меморандумға «КазСтандарт» РМК, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «Қазақстанның Агроөндірушілер және экспорттаушылар қауымдастығы» ЗТБ қол қойды. Құжат Парсы шығанағы елдеріне қазақстандық өндіруші-экспорттаушыларды қолдау және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, елдер арасындағы сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қазақстан стандарты, QazTrade және қауымдастық өкілдері қазақстандық экспорттаушылардың тауарларын Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ және басқа елдердің нарықтарына ілгерілету, Халал өнімдерін сертификаттау, сондай-ақ отандық бизнес үшін техникалық кедергілерді төмендету саласында белсенді жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Пікір қалдыру