QazTrade Қазақстанның Оңтүстік Америка елдеріне сауда әлеуетін таныстырды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Қазақстанның Оңтүстік Америка елдеріне сауда әлеуетін таныстырды

«Бразилия-Қазақстан: инвестициялық және сауда мүмкіндіктері» дөңгелек үстелі 24 тамызда Сан-Паулу қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қ. Омаровтың қатысуымен өтті.

Отырыста «QazTrade» АҚ-ның Жобаларды дамыту департаментінің директоры Асхат Қозыкенов Қазақстанның Латын Америкасы үшін сауда мүмкіндіктерін таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Бразилияға қазақстандық тыңайтқыштарды жеткізуді ұлғайту үшін жағдай жасау мәселелері бойынша пікір алмасты, өйткені оларға үлкен қажеттілік бар. Қазақстандық компаниялар «ҚазАзот» АҚ-ы мен «Қазфосфат» ЖШС-ы онлайн презентациялар өткізіп, әлеуетті серіктестерімен өз өнімдерін Бразилияға жеткізу бойынша одан әрі ынтымақтастық жасау мүмкіндіктерін талқылады.

Соңында тараптар жекелеген бизнес-жобаларды іске қосу және екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жұмыс топтарын құру туралы уағдаласты.

Іс-шараға, сондай-ақ, «InvestSP» инвестицияларды ілгерілету агенттігі мен Сан-Паулу штаты әкімшілігінің, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Пікір қалдыру