Қазақстан Қырғызстанға өңделген өнім экспортын $100 млн-ға арттыра алады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан Қырғызстанға өңделген өнім экспортын $100 млн-ға арттыра алады

Сауда және интеграция министрлігі QazTrade-мен бірлесіп Бішкек қаласында қазақстандық компаниялардың сауда миссиясын өткізеді. Бүгін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан-Қырғыз бизнес-форумының ашылуында хабарлағанындай, біздің еліміз өңделген өнім экспортын Қырғызстанға 100 млн долларға ұлғайта алады.

«Біз қазақстандық өңделген өнімнің Қырғызстанға экспортын ұлғайту әлеуетін 100 млн доллардан асатын сомаға бағалаймыз. Бұл негізінен тамақ, химия, машина жасау, фармацевтика, металлургия салаларының тауарлары»,-деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция вице-министрі.

Қазақстан Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,1 млрд долларды құрады.

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевтың айтуынша, бизнес үшін келесі міндет – сауда көлемін 2 млрд долларға дейін жеткізу. Сонымен қатар, ол белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан негізгі бірлескен жобаларды белгіледі. Атап айтқанда, Рәпіл Жошыбаев біздің елдеріміз Ыстықкөл облысында орналасқан төрт пансионат бойынша келісімге қол қоюдың соңғы сатысында тұрғанын хабарлады.

 

«Қазір инфрақұрылымды кеңейту және жаңа нысандар салу жобаларына қатысу үшін инвесторлар шақырылуда», – деді Рәпіл Жошыбаев.

Өз кезегінде Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрінің орынбасары Қанат Әбдірахманов даму үшін басым бағыттарды атап өтті: энергетика, туризм, АӨК саласы, жер қойнауын пайдалану және жеңіл өнеркәсіп. Экономиканың дәстүрлі секторларынан басқа, Қырғызстан үкіметі өкілінің пікірінше, бизнес үшін перспективалы тауашаға айналатын креативті индустрия саласы елеулі серпін алады.

«Креативті индустрия – экономиканың жаңа секторы және біз оны алдағы жылдардағы өсу бенефициарларының бірі деп санаймыз. Осы жаңа бағытты дамыту үшін Қырғызстанда 2022-2026 жылдарға арналған креативті экономика тұжырымдамасы бекітілді», – деп бөлісті іскерлік форум алаңында Қанат Әбдірахманов.

Сауда миссиясы аясында қазақстандық өндірушілер әлеуетті серіктестермен В2В форматында өткен келіссөздерді жүргізді. Кездесулер нәтижесінде қазақстандық кәсіпкерлер Қырғызстанға отандық тауарларды жеткізуге 35,2 млн долларға экспорттық келісімшарттар жасасты.  Кәсіпорындар металл конструкцияларын, дизельді генераторларды, тамақ өнімдерін (кондитерлік өнімдер, тауық жұмыртқасы мен жұмыртқа ұнтағы, кеспе, джем, алма шырыны, бал) жеткізу, сондай-ақ консалтингтік қызметтер көрсету туралы келісті.

Бизнес-форумға екі елдің 100-ден астам кәсіпорны, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Анықтама:

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі 10,5%-ға өсіп, 745,3 млн долларды құрады. Қазақстан Қырғызстанға негізінен автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтарды, электр энергиясын, темекі бұйымдарын, тас көмірді, минералды және газдалған суларды, жеңіл автомобильдерді, плакеттелген легирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокатты экспорттайды.

Қырғыз импортының негізін бағалы металдардың кендері мен концентраттары, ыстықтай илектелген өзге де легирленбеген болаттан жасалған шыбықтар,

 

Пікір қалдыру