Астанада Дүниежүзілік сауда ұйымы Сауда және интеграция министрлігімен және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырған ауыл шаруашылығы бойынша ДСҰ семинары басталды.
Үш күн ішінде қатысушылар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау шараларын ұсыну саласындағы міндеттемелерін іске асыру, өнімнің сыртқы нарықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету және аграрлық сектордағы экспорттық бәсекелестік мәселелерін талқылайтын болады.
ДСҰ өкілдері Қазақстанға өзінің ДСҰ шеңберінде қабылданған міндеттемелерін іске асыруда, сондай-ақ ДСҰ шеңберінде тиісті нотификацияларды қалыптастырудың рәсімдік мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетеді.
Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының өкілдері қатысады.