Әзірбайжанда қазақстандық тауарларға сұраныс артып келеді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Әзірбайжанда қазақстандық тауарларға сұраныс артып келеді

Ағымдағы жылдың 4-6 сәуірінде Баку қаласында өткен сауда-экономикалық миссиясының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар 55 млн доллар сомасына экспорттық келісімшарттар жасасты.

Баку қаласында Қазақстан-Әзірбайжан Үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысы қарсаңында QazTrade сауда миссиясын ұйымдастырды, оған түрлі бағыттар бойынша 20-дан астам қазақстандық тауар өндірушілер қатысты: тамақ өнімдерін өндіру, металлургия және металл өңдеу, IT-қызметтер, химия, құрылыс өнеркәсібі және машина жасау. Әзірбайжан тарапынан 100-ден астам кәсіпорын сауда-экономикалық миссияға барды.

Қазақстандық бизнес өкілдері үшін екі елдің ұлттық компаниялары мен іскер топтарының қатысуымен В2В форматында екіжақты келіссөздер, Әзербайжан Республикасының ірі сауда желілерімен және дистрибьюторларымен кездесулер ұйымдастырылды.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев атап өткендей, В2В кездесулер Қазақстанның басқа елдермен сауда-экономикалық өзара іс-қимылын нығайтуға мүмкіндік береді.

«Қазақстандық кәсіпкерлерді Әзірбайжан нарығы қызықтырады. Бірақ біздің өзара сауда әлеуетіміз тіпті жартылай пайдаланылмайды. Бұл Әзірбайжан нарығында қазақстандық тауарларға және Қазақстанда Әзірбайжан тауарларына сұраныс бар екендігіне қарамастан. Біз үшінші елдердің нарықтарын бірге игере аламыз. Сонымен қатар, біздің аумақтарымыз арқылы маңызды халықаралық көлік дәліздері өтіп жатыр», – деді Қайрат Төребаев.

Әзірбайжан тарапынан сауда миссиясы алаңында АР шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің, Әзірбайжан Республикасының AZPROMO экспортты және инвестицияларды ынталандыру агенттігінің және басқа да ірі компаниялардың топ-менеджмент өкілдері сөз сөйледі.

Бакудегі сауда-экономикалық миссиясының қорытындысы бойынша әзірбайжандық контрпартнерлермен аккумуляторларды, табақты болатты, азық-түлікті жеткізуге арналған уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бакуде жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы қазірдің өзінде 55 миллион долларды құрады. Кәсіпкерлер өз өнімдерін Әзірбайжанға жеткізу туралы келіссөздер процесін жалғастыруда.

 

 

Анықтама:

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 461,9 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға жоғары (332,2 млн доллар).

Қазақстаннан Әзірбайжанға экспорт 2022 жылы 30,4%-ға өсіп, 375,3 млн долларды құрады.

Әзірбайжанға экспорттың өсуі мынадай тауарларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді: шикі мұнай, бидай, мұнай өнімдері, рельстер, жүк және жүк-жолаушылар кемелері, паромдар және басқалар.

Пікір қалдыру