2022 жылы экспорттаушы компанияларға шығындарды өтеуге бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есеге ұлғайып, 8,85 млрд теңгені құрады. Сол сияқты мақұлданған өтінімдер саны 2021 жылы 306-дан 2022 жылы 486-ға дейін өсті.
Өтелуге жататын шығындардың барлық түрлерінің ішінде экспорттаушылар арасында тауарларды теміржол көлігімен жеткізу ең жоғары сұранысқа ие болып қала береді. Осы бағыт бойынша барлығы 7,05 млрд теңгеге 328 өтінім немесе жалпы сомасының 79,7% мақұлданды. Тауарларды жылжыту шығындарын өтеу бойынша 0,3 млрд теңгеге 49 өтінім мақұлданды.
Салалар бойынша биылғы жылы азық-түлік өндірушілері дәстүрлі белсенділік танытты. Олардың басым бөлігі май, ұн, нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, макарон өнімдері, ауыз су мен сусындар, балық өңдеуші компаниялар және басқалар. Агросекторды ұсынатын экспорттаушы компанияларға жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге 229 өтінім мақұлданды.
2021 жылмен салыстырғанда өтінімдердің барлық түрлері бойынша өтемақы көлемінің өсуі байқалуда. Қағаз және қағаз өнімдерін өндірушілердің өтінімдері бойынша төлемдер айтарлықтай, яғни – 5,5 есе, химия өнеркәсібі өнімдері – 4,7 есе, балық өсіру кәсіпорындары – 4,5 есе, тоқыма бұйымдарын өндірушілер-3,8 есе өсті.
Мақұлданған өтінімдердің ең көп саны Қостанай облысына, Алматы қаласына, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарына және Шымкент қаласына тиесілі.
2022 жылы шығындардың бір бөлігін өтеген шағын және орта бизнес кәсіпорындары негізінен дайын өнімді жақын елдерге экспорттайды. Оның ішінде қазақстандық тауарлардың 17,8% – ы Өзбекстанға жөнелтіледі, Ресейге экспорттың 16,1% – ы, одан әрі Ауғанстан, Тәжікстан және Қырғызстан келеді. Осы бестіктен басқа отандық компаниялар өнімдерді Еуропа елдеріне, сондай-ақ БАӘ, Канада, АҚШ және басқа да көптеген алыс шет елдерге экспорттайды.
2022 жылғы желтоқсанда экспорттаушыларға шығындардың бір бөлігін өтеу ережесіне өзгерістер бекітілді. Экспорты бойынша шығыстары өтелуге жататын тауарлардың тізбесіне 1146 тауар позициясы қайтарылды. Олардың ішінде ұн, ет, тұз және басқалары бар. Қайтару негізінен төменгі қайта бөлу позицияларына әсер етті.
«2022 жылы QazTrade саны бойынша да, сомасы бойынша да өтеу бойынша өтінімдермен ауқымды жұмыс жүргізілді. Келесі жылы да өршіл міндеттер тұр. Ең алдымен, 2022 жылғы өтінімдерді қарау процесін аяқтау қажет. Бұл 7 млрд теңгеге 300-ге жуық өтінім. Бұл мәселеде шешім қабылданды және бюджетте қажетті қаражат қарастырылған. Екіншіден, өтінімдерді жаңа қабылдауды жариялау мәселесі пысықталуда. QazTrade, әрине, біздің экспорттаушылардың белсенділігіне сенеді», – деді «QazTrade» АҚ-ның бас директоры Нұралы Бөкейханов.
Ол, сондай-ақ, келесі жылы «QazTrade» экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларының операторы ретінде ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп шығындарды өтеу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
2022 жылы «QazTrade» компаниясына 259 экспорттаушы компаниядан барлығы 621 өтінім келіп түсті.