Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында «QazTrade» АҚ-ның Бас директоры Нұралы Бөкейханов бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, өңірдің экспортқа бағдарланған кәсіпорындарына барды.
Кәсіпкерлермен кездесуде Нұралы Бөкейханов экспорттаушыларды қолдаудың қолданыстағы құралдары туралы айтып, өзекті сұрақтарға жауап берді. Осылайша, компаниялар экспорт бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге, экспорттық акселерация бағдарламасына тегін қатысуға, халықаралық электрондық платформаларға шығуға, сервистік қолдау шараларына үміткер бола алады. Бизнес кейбір құралдарды белсенді қолданады.
Сондай-ақ, «QazTrade» АҚ-ның басшысы Шымкент қаласының экспорттаушыларымен дөңгелек үстел отырысына қатысып, бизнес-қоғамдастық проблемаларын, логистикаға, өткізу нарықтарының қолжетімділігіне байланысты сауда кедергілерін, сондай-ақ қажетті қорғау шараларын талқылады.
Бизнес өкілдері экспортты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін қолдану жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне қызығушылық білдірді. Кәсіпкерлердің ұсыныстары мен сұрақтары «QazTrade» АҚ-ның жедел жұмыс жоспарына енгізілді.
Нұралы Бөкейханов өңірге сапары барысында макарон және кондитерлік өнімдер өндіретін, тоқыма кәсіпорындарының, көлік-логистикалық орталықтың қызметімен танысты.
Анықтама:
Түркістан облысының экспорты 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 602 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2%-ға немесе 117,1 млн АҚШ долларына жоғары, оның ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі 449,8 млн АҚШ долларын немесе барлығының 75%-н құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60,6% өсімге тең.
Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1 344 084,5 мың АҚШ долларын құрады және 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда номиналды мәнде 48,3%-ға ұлғайды.