Орынборда QazTrade Accelerator 2022 бағдарламасының қатысушылары 900 млн теңгеге экспорттық келісімшарттар жасасты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Орынборда QazTrade Accelerator 2022 бағдарламасының қатысушылары 900 млн теңгеге экспорттық келісімшарттар жасасты

 

Бүгін Орынборда Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының 18-ші форумы аясында 900 млн теңгеден астам сомаға коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары Ресейдің ірі «Мираторг», «Тракт» СҮ және «Бауырсақ» ЖШҚ компанияларымен азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жеткізу шарттарын жасасты.

Форум аясында Орынбор облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ол ҚР мен РФ сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі дамытуға және қазақстандық тауарлардың экспортын кеңейтуге бағытталған.

Биыл экспорттық акселерация бағдарламасына машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ қызмет көрсетушілер салалары бойынша 190 кәсіпорын қатысады.

Бағдарлама 2020 жылы іске қосылғаннан бері қатысушы компаниялар шамамен 400 миллион АҚШ долларын құрайтын экспорттық келісімшарттар жасасты. Бұл Ресей, Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына отандық өнімді жеткізуге арналған ұзақ мерзімді шарттар.

 

Пікір қалдыру