Жалпы ақпарат, білімі
2016 жылы Уорвик университетін (the University of Warwick, Ұлыбритания) «Жобалық басқару» мамандығы бойынша бітірді, «Магистр» ғылыми дәрежесі берілді. 2014 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірді, «Бакалавр» дәрежесі берілді.
Карьерасы
Еңбек жолын 2014 жылы «KAZLOGISTICS» көлікшілер одағы» ЗТБ-де техникалық регламенттер менеджері ретінде бастады.
2016 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылға дейін Астана қаласы «Назарбаев Университеті» ДБҰ Ғылым және технология мектебінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғанға дейін – «Silk Way» халықаралық логистика және бизнес институтының талдаушысы.
2017 жылғы мамырдан бастап 2020 жылғы ақпанды қоса алғанға дейін – Жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы, ҚР Президенті жанындағы АМУ халықаралық әріптестік орталығы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «КАЗГЮУ» Университеті» АҚ Экономика жоғары мектебінің оқытушысы (Teaching Professor).
2020 жылғы ақпаннан бастап 2021 жылғы қаңтарды қоса алғанға дейін – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Экспортты ілгерілету жөніндегі жобалардың басшысы.
2021 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы қарашаны қоса алғанға дейін – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Жобаларды дамыту департаментінің директоры, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2022 жылдың қараша айынан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
Директорлар Кеңесіне мүшелік:
«Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Жетекшілік мәселелері:
Өңірлік экспорт, экспорттық логистика, экспорттаушыларға шығындардың бір бөлігін өтеу мәселелеріне жетекшілік етеді.