Мелисов Әділ Әдірұлы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Мелисов Әділ Әдірұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары.

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Мелісов Әділ Әдірұлы 1992 жылы 4 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

2014 ж., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

2019 ж., Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Мансап

Өзінің еңбек жолын 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде бастады.

2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы.

2021 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.

2022 жылдан бастап 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы.

2023 жылдан бастап 2024 жылға дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Корпоративтік дамыту департаменті Аналитика және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы

2024 жылдан бастап 2025 жылға дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Корпоративтік дамыту департаментінің директоры

2025 жылы – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры

2025 жылдан бастап 2026 жылға дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

2026 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

2021 ж. – «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

2021 ж. – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылғанына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.