2021 жылғы 19 тамызда «QazTrade» ақ Бас директордың орынбасары Егембердиева А.Е. қазақстандық балалар тауарлары индустриясы қауымдастығы ЗТБ ұйымдастырған «бөлшек сауданың цифрлық трансформациясы – балалар тауарлары нарығын дамытудың өзекті драйвері» панельдік пікірталасына қатысты. Алаңда өндірушілер, базарлар мен ірі интернет-дүкендердің өкілдері жиналды.
Талқылау барысында спикерлер 2020-2021 жылдардағы карантин кезеңінде онлайн-бизнесті жүргізу тәжірибесімен бөлісті. «QazTrade» ақ тарапынан қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі бағдарламаларымен таныстырылды, сондай-ақ электрондық сауда нарығындағы ағымдағы жағдайға бағалау жүргізілді.