- "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

«QazTrade» Халықаралық сауда орталығымен бірлесіп экспорттық менеджментті оқытады

2020 жылдан бастап Халықаралық сауда орталығы (ITC) #Ready4Trade – Central Asia (R4TCA) жобасын іске асырады. Бұл Орталық Азияның бес елінде де халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесуге арналған Еуропалық Одақ қаржыландыратын 4 жылдық жоба. ХСО-ның Қазақстандағы негізгі серіктесі – QazTrade компаниясы болып табылады, онымен бірге шетелге экспорттауды бастаған шағын және орта кәсіпорындар үшін экспортты басқару бойынша коучинг бастамасы жүзеге асырылады.

Коучинг бойынша бастама 2021 жыл бойы коучтер мен кәсіпорындар арасында белсенді диалог форматында өткізілетін болады.

Дайындалған білікті сарапшылар 5 күндік коучинг курсын өткізу мақсатында бағдарламаға қатысушы-кәсіпорындарға барады. Жүргізілген жұмыс барысында орын алған проблемалар анықталып, оларды шешу бойынша ұсынымдар ұсынылады.

Коучтар импорт/экспорт, сертификаттау, жүк экспедициясы және логистика саласында үлкен тәжірибеге ие. Барлық мамандар ITC коучинг әдістемесі бойынша оқудан өтті және экспортты басқару бойынша коуч болып табылады.

Жоба аясында 2021 жылдың ішінде барлығы 40 отандық компания коучингтен өтеді.

Үміткерлерден өтініштер сілтеме бойынша қабылданады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdoWCmZOh7RIq2oMNGgtlWnOoOScwqveRpGTCHB07KTvYROtA/viewform?usp=sf_link  сілтемесі бойынша қабылданады

Іріктеу критерийімен мына жерде танысуға болады.

#Ready4Trade-Орталық Азия жобасы Еуропалық Одақпен (EU) қаржыландырылады және оны Халықаралық сауда орталығымен (ITC) жүзеге асырылады.