2021 жылғы 20 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Ready4Trade Central Asia жобасы сауда рәсімдерін жеңілдету порталына арналған тапсырмаларды орындау және ақпаратты үйлестіру мәселелерін талқылау үшін жұмыс топтарының өкілдерін онлайн кеңес режимінде жинады.
2021 жылғы 20 мамыр, бейсенбі күні сағат 15: 00-де (GMT +6) онлайн режимінде сауда рәсімдерін жеңілдету порталын енгізу барысын қарау үшін жұмыс тобының қатысуымен кеңес өтті. Ол 23 мүшеден және мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтардың 12 өкілінен тұрады.
Сауда рәсімдерін жеңілдету порталы (TFP) Импорт, Экспорт және транзит үшін қажетті барлық қадамдардың, құжаттар мен нысандардың толық сипаттамасын қамтиды. 2020 жылдың тамыз айында іске қосылған сәттен бастап сауда рәсімдерін құжаттандыру порталында ұн, май, ет, сүт өнімдері, дәрі-дәрмектердің және тағы басқа 13 тауар тобының экспорты мен импорты бойынша ережелер мен рәсімдер бар.
Порталдағы ақпарат оның сенімділігін арттыру және дәлдігіне кепілдік беру үшін сертификатталған болуы керек. Осыған байланысты кеңеске қатысушылар сертификаттау процесінде жұмыс тобы өкілдерінің көмегін талқылады. Бұдан басқа, портал ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлатуды жүзеге асыру жоспарында көзделген сауда рәсімдерін жеңілдету мақсатына қол жеткізуге де үлес қосады. Аталған жоспарға «Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ұлттық порталды әзірлеу» тармағын қосу туралы мәселені енгізу ұсынылды.
«Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі порталды сапалы дамыту Қазақстанға ДСҰ-ның сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімінің негізгі ережелерін іске асыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта ұсынылған платформалар 23 елде сәтті қолданылуда, бұл сауда формальдылығының ашықтығы мен болжамдылығын арттырудың тамаша құралы» – деді Қазақстандағы Ready4Trade ұлттық жобасының жетекшісі Джалиль Булатов.
Ready4Trade Орталық Азия жобасы Орталық Азияның бес елінде өңірішілік және халықаралық сауданы дамытуды қолдауға бағытталған. Бұған трансшекаралық талаптардың ашықтығын арттыру, нормативтік және рәсімдік кедергілерді жою, сауда формальдылықтары мен стандарттарын сақтау бойынша бизнестің мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы жетілдіру есебінен қол жеткізілетін болады. ЕО қаржыландыратын төрт жылдық жоба ЕО қаржыландыратын ірі бағдарламаның сауда компоненті болып табылады, ол Орталық Азиядағы инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған, осылайша аймақтағы тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуға ықпал етеді.
Ready4Trade – Орталық Азия жобасын Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландырады және халықаралық сауда орталығы (ITC) жүзеге асырады.
БАҚ-тың халықаралық сауда орталығы (ITC) туралы сұратуларын Қазақстандағы ITC ұлттық кеңсесіне жіберу қажет, БАСПАСӨЗГЕ АРНАЛҒАН БАЙЛАНЫСТАР: Мадина Исказина, коммуникациялар және жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші, байланыс телефоны: +7 775 563 03 81; электрондық поштасы: madina.iskazina@gmail.com
Байланыста болыңыз: # Ready4Trade #CentralAsia # EuinKZ # EU4CentralAsia