2021 жылғы 9 сәуірде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (QazTrade) Ресей Федерациясындағы ҚР Сауда өкілдігімен бірлесіп KazanExpress халықаралық сауда алаңына шығу мәселелері бойынша вебинар өткізді.
Вебинарға тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және «халықтық» тұтынудың басқа да салалары сияқты 40-қа жуық қазақстандық және ресейлік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты KazanExpress платформасында тіркелу тәртібі, жеткізушілерге нұсқау беру және одан әрі ынтымақтастықты талқылау үшін алаңдағы жұмыс туралы хабардар ету болып табылады.
KazanExpress – бұл Ресейдің 40-тан астам қалаларын қамтитын, сондай-ақ AliExpress-пен және Ресейдің көптеген логистикалық компанияларымен белсенді ынтымақтасатын, жылдам дамып келе жатқан жас маркетплейстерінің бірі. 2020 жылы осы алаң түсімінің өсуі 900%-дан астамls құрады. Алаңда 3000-нан астам кәсіпкер жұмыс істейді және 500-ге жуық тауар беру пункттері бар.
Жалпы, аталған алаңға шығуға 54 қазақстандық компания қызығушылық танытты.
Вебинарға ҚР СИМ ресми youtube-арнасында жазуылуға болады: