Осы хабарландырумен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Халықаралық сауда орталығымен және Еуропалық Одақпен әріптесе отырып Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық және өңірлік сауданы дамытуға бағытталған «Ready4Trade Central Asia» 4 жылдық жобасын іске асыратынын хабарлаймыз.
Осы жоба шеңберінде халықаралық сауда үшін негізгі нормативтік және рәсімдік кедергілерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберіндегі міндеттердің бірі ұлттық әріптестермен келісілген іріктелген ішкі-өңірлік және сыртқы сауда ағындарына қатысты тарифтік емес кедергілерді жою болып табылады:
- Өзбекстан мен Тәжікстанға ұн экспорты;
- Өсімдік майлары мен майлы дақылдарды Еуропалық Одаққа экспорттау;
- Қырғызстаннан сүт өнімдерінің импорты;
- Тәжікстаннан жаңа піскен жемістер мен көкөністерді импорттау;
- Өзбекстаннан жеміс шырындарын импорттау.
Сауда кедергілерін талдау және сауда процедураларын жеңілдету мақсатында сауалнама жасалды, оның нәтижелері 2021 жылғы 29 наурызда сағат 15: 00-де онлайн режимінде ұсынылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сауалнаманың нәтижелерін талқылауға қатысыуңызды сұраймыз: https://intracen.zoom.us/meeting/register/tJ0qceqqrDIuGtD0TB8I_SFp-XhNHnymIJlh
Тіркеуден кейін конференцияға кіру туралы ақпаратты қамтитын растау хатын аласыз.
Толық ақпарат алу және қатысуды растау үшін 2021 жылғы 26 наурызға дейін 8 702 495 4466 телефонына немесе naz.alip@gmail.com электрондық мекенжайына хабарласуды өтінеміз.