- "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

«QazTrade» АҚ экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдауды бастайды

«QazTrade» АҚ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі операторы 2021 жылғы 26 қаңтар сағат 9:00-ден 2021 жылғы 01 маусым сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Шығындардың бір бөлігін өтеу келесі түрлер бойынша жүзеге асырылады:

1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;

2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, Конгрестерге тікелей қатысуға арналған шығындар;

3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеуге, шет тілдеріне аударуға және басып шығаруға байланысты шығындар;

4) шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қойманы және сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар;

5) электрондық сауда алаңдарында шетелде тауар белгілерін тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;

6) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа да құжаттар), сондай-ақ сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынама үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу кезінде және кері қарай келтірілген шығындар (сертификат не өзге);

7) шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалануға рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындар;

8) шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін тексеруден өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, тексеру рәсімдері оң өткен жағдайда және сертификат немесе басқа растайтын құжат болған жағдайда);

9) жүктерді жеткізуге және автомобильдік, теміржолдық, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау қызметтері үшін ақы төлеуге және тасымалдауды ұйымдастыруға байланысты шығындар.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен механизімі оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Өтінімдерді қабылдау https://export.gov.kz/веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

Анықтама телефоны

8 (7172) 768511

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі туралы толық ақпарат https://export.gov.kz/ вeб-порталда және http://qaztrade.org.kz/ сайтынды орналастырылған.