Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 356,5 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 16,1%-ға төмен (424,7 млн. АҚШ долл.).
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда көрсеткіштері
млн. АҚШ долл. | 2019 жылғы қаңтар-маусым | 2020 жылғы қаңтар-маусым | Өсім 2020/2019 |
Тауар айналымы | 424,7 | 356,5 | -16,1% |
Экспорт | 291,6 | 247,0 | -15,3% |
Импорт | 133,0 | 109,5 | -17,7% |
Сауда балансы | 158,6 | 137,5 | еашарлады |
Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 2020 жылғы қаңтар-маусымда 15,3%-ға төмендеп, 247,0 млн. АҚШ долларын құрады.
Қырғызстанға экспорттың қысқаруы мұнай өнімдері 33,1%-ға немесе 10,3 млн. АҚШ долл. (31,0-ден 20,8 млн. АҚШ долл.), бидай-63,5%-ға немесе 9,6 млн. АҚШ долл. (15,1-ден 5,5 млн. АҚШ долл.), өзге де темір жол локомотивтері – 100%-ға немесе 7,6 млн. АҚШ долл. (7,6-дан 0,0 млн. АҚШ долл.), темекі өнімдері-22,3%-ға немесе 4,9 млн. АҚШ долл. (21,9-дан 17,0 млн. АҚШ долл.), кокс және мұнай битумы – 99,8%-ға немесе 3,3 млн. АҚШ долл. (3,3-тен 0,0 млн. АҚШ) сияқты тауарларды жеткізудің төмендеуімен негізделеді.
Сонымен қатар, бидай ұны – 98,7%-ға немесе 5,8 млн. АҚШ долл. (5,9-дан 11,7 млн. АҚШ долл.), тас көмір – 85,1%-ға немесе 4 млн. АҚШ долл. (4,7-ден 8,7 млн. АҚШ долл.), жүк автомобильдері – 5,1 р. немесе 2,6 млн. АҚШ долл. (0,6-дан 3,3 млн. АҚШ долл.), пульттер, панельдер, электр аппаратурасына арналған үстелдер – 15,3 р. немесе 2,4 млн. АҚШ долл. (0,2-ден 2,6 млн. АҚШ долл.), цемент – 27,5%-ға немесе 2,1 млн. АҚШ долл. (7,5-тен 9,6 млн. АҚШ) сияқты тауарларды жеткізудің өскені байқалады.
Қазақстаннан Қырғызстанға экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: табиғи газ – 22,9 млн. АҚШ долл. (9,3% үлесімен), мұнай өнімдері – 20,8 млн. АҚШ долл. (8,4%), темекі өнімдері – 17 млн. АҚШ долл. (6,9%), бидай ұны – 11,7 млн. АҚШ долл. (4,7%), минералды және газдалған суды қоса алғанда, қанты бар су – 9,9 млн. АҚШ долл. (4%), цемент – 9,6 млн. АҚШ долл. (3,9%), әйелдер мен балаларға арналған гигиеналық заттар – 8,8 млн. АҚШ долл. (3,6%), тас көмір – 8,7 млн. АҚШ долл. (3,5%), легирленбеген болаттан жасалған апталған тегіс илек – 5,6 млн. АҚШ долл. (2,3%), бидай – 5,5 млн. АҚШ доллары (2,2%).
2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде Қырғызстанға экспортталатын негізгі тауарлар бойынша толығырақ ақпарат №1 кестеде көрсетілген.
2020 жылғы қаңтар-маусымда Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 17,7%-ға төмендеп, 109,5 млн. АҚШ долл. құрады.
Қырғызстаннан келетін импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді: кен және өзге де концентраттар-100% – ға немесе 8,5 млн. АҚШ долл. (8,5-тен 0,0 млн. АҚШ долларына), үсті табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім – 100%-ға немесе 4 млн. АҚШ долл. (4,0-ден 0,0 млн. АҚШ долл.), жылжымалы құрамның бөліктері – 83,8%-ға немесе 3,7 млн. АҚШ долл. (4,4-тен 0,7 млн. АҚШ долл.), мұнай өнімдері – 80,6%-ға немесе 2,1 млн. АҚШ долл. (2,6-дан 0,5 млн. АҚШ долл.), глазурленбеген керамикалық плитка-57,9%-ға немесе 1,7 млн. АҚШ долл. (2,9-дан 1,2 млн. АҚШ долл.), ерлердің тоқыма жейделері – 100%-ға немесе 1,6 млн. АҚШ долл. (1,6-дан 0,0 млн. АҚШ долл.), жылтыратылған шыны -22,3%-ға немесе 1,5 млн. АҚШ долл. (6,8-ден 5,3 млн. АҚШ).
Сонымен қатар, мынадай тауарлар импортының өсуі байқалады: бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 10,5%-ға немесе 4,8 млн. АҚШ долл. (45,4-тен 50,1 млн. АҚШ долл.), ірімшік және сүзбе – 4,2 р. немесе 1,9 млн. АҚШ долл. (0,6-дан 2,5 млн. АҚШ долл.), қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей – 4,2 есеге немесе 1,7 млн. АҚШ долл. (0,5-тен 2,2 млн. АҚШ долл.), шиналар – 13,5 есеге немесе 1,6 млн. АҚШ долл. (0,1-ден 1,7 млн. АҚШ долл.), пластмасса ыдыс-30,6%-ға немесе 1,3 млн. АҚШ долл. (4,1-ден 5,4 млн. АҚШ).
. Қазақстаннан Қырғызстанға импорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: бағалы металдар кендері мен концентраттары – 50,1 млн. АҚШ долл. (үлесі 45,8%), нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 5,7 млн. АҚШ долл. (5,2%), пластмасса ыдыс – 5,4 млн. АҚШ доллары (4,9%), жылтыратылған шыны – 5,3 млн. АҚШ долл. (4,8%), ірімшік пен сүзбе – 2,5 млн. АҚШ долл. (2,3%), қара металдардан жасалған құбырлар, түтіктер және жіксіз бейіндер – 2,3 млн. АҚШ долл. (2,1%), қоюландырылған және құрғақ сүт пен кілегей – 2,2 млн. АҚШ долларын (2%), жарықтандыру жабдығы – 2,1 млн. АҚШ доллары (2%).
Қырғызстаннан 2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында негізгі импортталатын тауарлар бойынша толығырақ ақпарат №2 кестеде көрсетілген.
№1 кесте – ҚР-дан Қырғызстанға негізгі экспортталатын тауарлар
№2 кесте – Қырғызстаннан ҚР-ға негізгі импортталатын тауарлар