📍 Өтетін орны: ҚХР, Цзянсу провинциясы, Нанкин қаласы
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 1–2 желтоқсан
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қазақстандық компанияларды Нанкин қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады.
Іс-шара бағдарламасында:
* Қазақстандық өнімдердің таныстырылымы;
* Қытайлық импорттаушылармен және іскерлік серіктестермен B2B кездесулер;
* ҚХР нарығына шығу мүмкіндіктерін қарастыру;
* SOHO JIANGSU серіктестік кеңсесінің шоурумын пайдалану.
Басым бағыттар:
Агроөнеркәсіп кешені және азық-түлік өнімдері, май-тоңмай және ұн-жарма өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар, халық тұтынатын тауарлар, химия және жеңіл өнеркәсіп, көлік және логистика.
Қазақстандық экспорттаушыларды қытайлық серіктестермен тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және өз өнімдерін Цзянсу провинциясының нарығында таныстыруға шақырамыз.
📞 Байланыс тұлғасы: Асқар Жақсылықов
☎️ +7 705 420 98 19
🔗 Қатысу үшін тіркелу:
https://forms.gle/3mJAn6KighvBN9go9



