QazTrade қазақстандық компанияларды Малайзиядағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade қазақстандық компанияларды Малайзиядағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады

Қазақстандық өндірушілер Малайзияның импорттаушылары мен дистрибьюторларымен тікелей келіссөздер жүргізіп, өз өнімдерін таныстыруға және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең перспективалы нарықтардың бірінде іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қазақстандық компанияларды 2026 жылғы 8–9 шілде күндері Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтетін Сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады.

Малайзия – халқы 35 миллионнан асатын және ASEAN өңірінің маңызды сауда-логистикалық хабы болып табылатын Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші экономикалардың бірі. Елдің дамыған инфрақұрылымы, тұтыну нарығының көлемі және қолайлы бизнес ортасы қазақстандық экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Малайзия нарығына шығу үшін ең перспективалы бағыттар қатарында халал өнімдері, азық-түлік пен сусындар, FMCG өнімдері, косметика және жеке күтім тауарлары, тұрмыстық химия, IT-шешімдер мен цифрлық қызметтер, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп өнімдері бар.

Миссия аясында қатысушылар малайзиялық импорттаушылармен, дистрибьюторлармен, сауда желілерімен және әлеуетті серіктестермен B2B кездесулер өткізіп, өз өнімдерін таныстырып, ынтымақтастықтың келешегін талқылай алады.

Қатысудың артықшылықтары:
• әлеуетті сатып алушылармен жеке B2B кездесулер;
• дистрибьюторлар мен серіктестерді іздеу;
• Малайзия және ASEAN нарықтарына шығу мүмкіндігі;
• компанияның экспорттық әлеуетін таныстыру;
• тікелей іскерлік байланыстар орнату;
• нарық талаптары туралы өзекті ақпарат алу.

QazTrade компаниядан бір өкілдің тұру шығындарын және миссия бағдарламасы аясындағы трансферді қамтамасыз етеді.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 28 маусымға дейін.

Тіркелу:
https://qaztradeglobal.kz/applications?missionId=cf21b397-4766-43ae-ba84-d0badcbd6cca

Байланыс үшін:
Алуа Қарабаева: +7 778 674 84 87
Гаухар Ақбердиева: +7 775 230 84 13
Гүлім Нұрмұханова: +7 705 300 77 77