Қазақстан мен Кипр сауда-экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан мен Кипр сауда-экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде

Қазақстан мен Кипр сауда-экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде
3 маусым күні Кипр Республикасы Президенті Никос Христодулидистің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскерлік қауымдастықтарының өкілдері арасында кездесу өтті.
Іс-шара барысында «QazTrade» АҚ Басқарушы директоры Қазақстанның шикізаттық емес экспортын дамыту және ілгерілету бойынша компания қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды. Қатысушыларға экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары, шетелдік серіктестерді іздеу құралдары, экспорттық акселерация бағдарламасының мүмкіндіктері, сондай-ақ отандық өнімдерді халықаралық нарықтарда ілгерілету тетіктері ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кездесу барысында Қазақстан мен Кипр арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, қазақстандық компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және екі елдің кәсіпкерлер қауымдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Республикасы Президенті Никос Христодулидис арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының қатысуымен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар ведомствоаралық құжаттармен алмасу рәсімі өтті.
Тараптар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электрондық үкімет, ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік, мәдениет, білім және ғылым, сондай-ақ спорт салаларындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы мен Кипр Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және іскерлік байланыстарды дамытуға бағытталған.
Қазақстан мен Кипр арасындағы серіктестікті дамыту сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, инвестициялар тартуға және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді халықаралық нарықтарға ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер береді.