ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘМІ — ТАЛҚАН — АМЕРИКА НАРЫҒЫНА ШЫҒУДА - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘМІ — ТАЛҚАН — АМЕРИКА НАРЫҒЫНА ШЫҒУДА

Қазақстандық дәстүрлі өнім — талқан — елден тыс жерлерде біртіндеп өз орнын табуда. Тарихи тұрғыдан ол көшпелі мәдениеттің күнделікті ас мәзірінің бір бөлігі болса, бүгінде гастрономиялық мұра элементі ретінде заманауи тұтыну форматтарына және шетелдік нарықтарға бейімделіп отыр.

Ағымдағы жылдың қазан айында Чикаго қаласында қазақстандық асхана мен дәстүрлі өнімдерді таныстыруға бағытталған Tary Coffee кофеханасы өз жұмысын бастады. Нысан қаланың орталық әрі туристік тұрғыдан белсенді аудандарының бірі — River North ауданында орналасқан, мұнда көптеген гастрономиялық жобалар шоғырланған.

<a href=»https://qaztrade.org.kz/rus/kazahskij-naczionalnyj-delikates-tal%d2%9ban-vyhodit-na-amerikanskij-rynok/325cb557-0fc7-4913-b789-bd4b2f0d6621/#main» rel=»attachment wp-att-12221″><img class=»alignnone size-full wp-image-12221″ src=»http://qaztrade.org.kz/wp-content/uploads/2025/12/325cb557-0fc7-4913-b789-bd4b2f0d6621.jpeg» alt=»» width=»1536″ height=»2048″ /></a>

Кофехананың форматы тек сусындар мен десерттер ұсынумен шектелмей, тағам арқылы мәдени контекстпен таныстыруды да көздейді. Мұндай тәсіл ірі қалаларда ұлттық асханаларды мегаполистің көпмәдениетті ортасына интеграциялау құралы ретінде барған сайын кеңінен қолданылуда.

Салалық бақылаушылардың бағалауынша, жобаға деген қызығушылық оның ерекше концепциясымен және америкалық тұтынушыға онша таныс емес ингредиенттердің қолданылуымен байланысты болды. Кәсіби гастрономиялық шолуларда мұндай форматтар бұған дейін АҚШ нарығында аз ұсынылған Орталық Азия елдерінің асханалары туралы түсінікті кеңейтетіні атап өтілді.

Мәзірде қолданылған өнімдердің бірі — талқан, яғни қуырылып, ұнтақталған дәнді дақылдардан жасалатын дәстүрлі өнім. Ерекше назар аударатын жайт — талқанға АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) тарапынан қызығушылықтың болуы. Өнім ғарышкерлердің тамақтану рационына енгізілуі мүмкін нұсқалардың бірі ретінде қарастырылған. Бұл қызығушылық оның табиғи құрамы, жоғары тағамдық құндылығы және жоғары жүктеме мен шектеулі ресурстар жағдайында қолданылатын функционалдық тамақтану талаптарына сай келуімен түсіндірілді.

Талқаннан бөлек, кофехана мәзірінде қазақ асханасының басқа да дәстүрлі өнімдері — тары, науат, сүзбе және бірқатар дәнді ингредиенттер ұсынылған. Оларды қолдану ұлттық гастрономия мен оның алуан түрлілігі туралы тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық өндірушілердің АҚШ нарығына шығуы кешенді дайындықты талап етеді — экспорттық дайындықты бағалаудан бастап санитарлық және сертификаттау талаптарына сәйкестікке дейін. Кей жағдайларда мұндай жобалар экспортты сүйемелдеуге маманданған даму институттарының әдістемелік және консультациялық қолдауымен жүзеге асырылады.

<a href=»https://qaztrade.org.kz/rus/kazahskij-naczionalnyj-delikates-tal%d2%9ban-vyhodit-na-amerikanskij-rynok/d6e7e8e3-1f22-4b50-b159-737e3b11b67c/#main» rel=»attachment wp-att-12222″><img class=»alignnone size-full wp-image-12222″ src=»http://qaztrade.org.kz/wp-content/uploads/2025/12/d6e7e8e3-1f22-4b50-b159-737e3b11b67c.jpeg» alt=»» width=»670″ height=»457″ /></a>

QazTrade экспортты дамыту жөніндегі басқарушы директоры Айнур Амирбекованың айтуынша, мұндай өнімдерге деген қызығушылық шетелдік нарықтардағы тұтынушылық талғамдардың өзгеруімен түсіндіріледі.

<blockquote>«Бүгінде халықаралық нарықтарда құрамы түсінікті, тарихы мен мәдени контексті бар өнімдерге сұраныс артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, талқан саналы әрі функционалдық тамақтану жаһандық трендіне жақсы сәйкес келеді. Шетелдік тұтынушылар үшін өнімнің дәмдік қасиеттерімен қатар оның шығу тегі, дәстүрі және тұтыну тәсілі де маңызды», — деп атап өтті Айнур Амирбекова.</blockquote>

«Мұндай кейстер ұлттық өнімдердің дұрыс бейімделген жағдайда жоғары бәсекелі нарықтарда да сұранысқа ие бола алатынын көрсетеді. Бұл нишалық экспорттың әлеуетін және өндірушілерді шетелдік нарықтарға жүйелі түрде дайындаудың маңыздылығын растайды», — деп қосты ол.