QazTrade Academy-де 4 000-нан астам кәсіпкер оқудан өтті. - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Academy-де 4 000-нан астам кәсіпкер оқудан өтті.

QazTrade Academy KazAgroFarm-2025 көрмесі аясында экспорттаушыларға арналған оқыту сессиясын өткізді. Астанада KazAgroFarm-2025 көрмесінің алаңында агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық-саудалық форумы өтті, оның білім беру блогын QazTrade Academy Экспорттаушылар мектебі ұйымдастырды.

QazTrade Academy KazAgroFarm-2025 аясында экспорттаушыларға оқыту сессиясын өткізді

Форум практикалық тәжірибемен алмасу және сыртқы нарықтарға шығу құралдарын талқылау алаңына айналды. Өндірушілер сертификаттау, логистика, өнім сапасына қойылатын талаптар және шетел нарықтарында ілгерілету мәселелері бойынша практикалық сессиялар мен B2G кеңестерінен өтті. Академия сарапшылары мен тәжірибелі экспорттаушылар өздерінің тәжірибелерімен және сыртқы экономикалық қызметті дамыту тәсілдерімен бөлісті.


Бүгінгі күнге дейін QazTrade Academy 4 000-нан астам маманды дайындады, олардың 57%-ы – әйел кәсіпкерлер. Оқыту бағдарламалары экспорттық акселерация, сертификаттау рәсімдері, сыртқы сауданың ерекшеліктері және мемлекеттік қолдау шараларын қамтиды.

Форум барысында экспортты ынталандырудың қаржылық және қаржылық емес тетіктері, соның ішінде өнімді шетел нарықтарына ілгерілетуге жұмсалған шығындардың 80%-на дейін өтемақы тетігі талқыланды.

«Біз экспортқа қажетті құжаттар мен өтемақы алуға болатын шығын түрлерін білдік. Бұл ақпарат жұмысымызды дәлірек жоспарлауға көмектеседі», – деді Қарағанды облысындағы фермерлік шаруашылықтың басшысы Айболат Ысқақов.


«Қазір Қазақстанда экспортты қолдау шын мәнінде сервистік форматқа айналуда. Форум B2G форматындағы тікелей диалогтың маңыздылығын көрсетті. Енді бизнеске түрлі мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ – барлық мәселелерді бір алаңда шешуге болады. Өндірушілер, даму институттары және мемлекет бір жерде кездескенде, шешімдер тез қабылданып, экспорттық жобалар тиімді жүзеге асырылады», – деді QazTrade басқарушы директоры Айнұр Амирбекова.