Құрметті кәсіпкерлер!
Сіздерді «Qaztrade Alliance» экспорттаушылардың Ұлттық одағының алғашқы мүшелерінің бірі болуға шақырамыз. Бұл бірлестік 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Президент Жолдауында айтылған негізгі міндеттерге жауап ретінде құрылды: қазақстандық экспорт географиясын кеңейту, бәсекеге қабілетті тауашаларды сақтау және отандық өнімдерді халықаралық нарықтарға белсенді ілгерілету.
Егер сіздің компанияңыз өнім экспорттап жүрген болса немесе сыртқы нарыққа енуді жоспарлап отырса, Qaztrade Alliance мүшесі болу келесі артықшылықтарға жол ашады:
-
Экспорт саясаты мен мемлекеттік қолдау тетіктерін қалыптастыруға тікелей ықпал ету;
-
Қазақстандық бизнестің мүддесін қорғайтын халықаралық келіссөздерге, үкіметаралық комиссиялар мен жұмыс топтарына қатысу мүмкіндігі;
-
Сауда және логистикалық кедергілерді еңсеруге қолдау көрсету, шетел нарықтарына шығуға қажетті рұқсаттар мен сертификаттарды алуға көмектесу;
-
Сыртқы нарықтарда серіктестер іздеуге жәрдем;
-
Экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту үшін инвесторлар мен инвестициялар тартуға қолдау;
-
Экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің интерактивті реестрлеріне енгізілу;
-
Халықаралық тендерлерге қол жеткізу, экспорттық мәмілелерді сүйемелдеу және өнімді «Қазақстанда жасалған» брендімен әлемдік платформаларда ілгерілету;
-
Сыртқы нарықтарда консорциумдар арқылы оффтейк келісімшарттарға қол қоюға көмектесу;
-
Экспорт барысында туындайтын мәселелерді жедел шешуге қолдау көрсету;
-
Экспорттық жобаларға бірлесіп қатысу және ірі келісімшарттарға қол жеткізу үшін ШОБ консорциумдарын құру.
Бұл бірлестіктің тең құрылтайшысы немесе мүшесі болу – бірегей мүмкіндік. Құрылтайшылар құрамына ену үшін өтінімдер 25 шілдеге дейін қабылданады.
Одаққа қатысу туралы толық ақпарат алу үшін компанияңыз туралы мәліметтерді alliance@qaztrade.org.kz электрондық поштасына жіберуіңізді немесе WhatsApp арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
📞 Байланыс: 8 701 221 2392 (Бақыт Парланқызы Манасбаева)



