Директорлар кеңесі
- «Туран Әлем Банкі» ЖАҚ-ның бас бухгалтері (1994–1998);
- «Зерноконтракт» көпсалалы холдинг компаниясының директоры (1998–2005);
- «ҚМГЭП-Кейтеринг» ЖШС (ҚазМұнайГаз БӨ АҚ еншілес кәсіпорны) экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары (2005–2010);
- «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ сектор жетекшісі (2010–2012);
- «QazExportPromotion» корпоративтік қорының бас директоры (2024 ж.);
- «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры (2025 жылдың қаңтар айынан бастап)
- «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (2006–2009);
- «Халықаралық Орал әуежайы» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (2012 жылдан бастап);
- «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор (2014 жылдан бастап);
- «Өзенмұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор (2015 жылдан бастап);
- «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор (2022–2024 жж.)
Кәрібжанов Хайрат Сәлімұлы 1956 жылы 2 қаңтарда Омбы облысының Шарбақұл ауданында (Ресей) дүниеге келген.
Омбы ауыл шаруашылығы институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша (1978ж.), Алматы саясаттану және басқару институтын «Саясаттану» мамандығы бойынша (1991ж.) бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2001ж.).
Еңбек жолын 1978 жылы өндірісте бастады.
1984-1986 жылдары Алматы облысы Іле ауданындағы Бурундай автокөлік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.
1987-1989 жылдары Алматы облысы Талғар аудандық партия комитетінің өнеркәсіптік-көлік және ұйымдастыру бөлімдерін басқарды.
1991-2000 жылдар аралығында Көлік және коммуникациялар министрлігінде бөлім бастығынан бірінші вице-министрге дейінгі жолдан өтті. ҚР Көлік инспекциясын басқарды. «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
2000-2006 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, президенті.
Жеке меншік компанияларды басқарды.
2006-2009 жылдары – «Казинформтелеком» АҚ, 2011-2014 жылдары- «Агроорталық-Астана» холдингі.
2009-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2014 жылы Техникалық хатшылықтың басшысы – Бас директордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, ал 2016 жылдың мамыр айында «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директоры болып сайланды.
2020 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін Еуразиялық экономикалық комиссиясының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі (Мәскеу қаласы) лауазымында жұмыс істеді.
Корпоративтік басқару тәжірибесі, техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша оқытудан өтті және шетелдік сертификаттары бар.
2023 жылғы 3 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.
Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы 1973 жылы 19 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
1995 жылдан бастап 2010 жылдарға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әр түрлі лауазымда қызмет еткен.
2014 жылдан бастап 2020 жылдарға дейін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған.
2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс жасаған.
2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.
2001 ж.-«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2016 ж.-«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2020 ж.-«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2021 ж.-«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
2021 ж.-«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылғанына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
2023 ж.-Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды
Темірлан Амантайұлы Жақыпбеков
1989 жылы 15 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Е. А. Бөкетов атыдағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Е,»Болашақ» академиясын, Мәскеу Политехникалық зерттеулер мектебін бітірген..
Еңбек жолын 2007 жылы «China Geo-Engineering Corparation» ЖШС заңгер-кеңесшісі ретінде бастаған.
2012-2014 жылдары «New gorizont Capital China» ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2015-2021 жылдары – «ҚазАлко» ЗТБ, Алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры.
2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Bastama» бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институтының президенті.
2023 жылғы 13 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.