QazTrade Al-Farabi ScaleUp program түлектеріне арналған экспорттық акселерация бойынша road-show өткізді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Al-Farabi ScaleUp program түлектеріне арналған экспорттық акселерация бойынша road-show өткізді

QazTrade «Экспорттық акселерация-2025» бағдарламасы аясында Al-Farabi ScaleUp түлектеріне арналған road-show өткізді

2025 жылғы 12 наурызда Astana Hub-та «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырған «Экспорттық акселерация – 2025» roadshow өтті. Іс-шара IT саласында қызмет көрсететін Al-Farabi ScaleUp program акселерациялық бағдарламасының түлек-компаниялар үшін арнайы өткізілді.

Қатысушыларға «QazTrade» АҚ басқарушы директоры Айнур Султаналиевна Амирбекова алғашқы сөзін сөйлеп, халықаралық нарықтарға шығу процесінде отандық IT-компанияларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Road-show аясында Экспорттық акселерация және оқыту тобының жетекшісі Алмас Мұхитович Ихсанов экспорттық акселерация бағдарламасын таныстырып, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері мен экспорттаушыларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді, сондай-ақ оған қатысу шарттары түсіндірді.

Іс-шара отандық IT-компаниялардың халықаралық дамуының сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.