Ирандағы СЭМ қорытындысы бойынша 92 миллион доллардан астам сомаға коммерциялық келісімдер жасалды. - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Ирандағы СЭМ қорытындысы бойынша 92 миллион доллардан астам сомаға коммерциялық келісімдер жасалды.

Ирандағы СЭМ қорытындысы бойынша 92 миллион доллардан астам сомаға коммерциялық келісімдер жасалды.
Бұл 2025 жылғы 14-16 ақпан аралығында Тегеранда өткен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясының (СЭМ) алдын ала қорытындылары. Биылғы жылдың алғашқы миссиясы QazTrade ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен өткізілді.


         Миссияның мақсаты — екі ел арасындағы сауда байланыстарын нығайту, қазақстандық кәсіпорындар мен ирандық сатып алушылар арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ еліміздің экспорттық және инвестициялық әлеуетін кеңейту мақсатында екіжақты кездесулер өткізу болды.
Миссия аясында азық-түлік өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, металлургия, химия, логистика салалары, сондай-ақ құрылыс материалдары мен медициналық жабдықтар өндірісі сияқты салаларда қызмет атқаратын 50-ге жуық қазақстандық компания өз экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды. Қатысушылар ирандық серіктестермен бірқатар B2B кездесулер өткізіп, өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Бұдан бөлек, сауда миссиясын өткізудің жаңа тәсілі ретінде QazTrade Тегерандағы алғашқы Серіктестік кеңсесін анықтады. Бұл кеңсе жаңа клиенттерді іздеуге жәрдемдеседі, қазақстандық өнімдерді иран нарығында ілгерілетеді, сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылайтын болады.
Бұл тәжірибе 2025 жылы жоспарланған алдағы сауда миссияларына да таратылады.
Миссия қорытындысы бойынша жалпы сомасы 92 миллион доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол жеткізу туралы алдын ала уағдаластықтарға жетті. Олардың іске асырылуы екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде, бұл алдағы жылдарда екіжақты сауданың көлемін 3 миллиард долларға жеткізу мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді.